Сентябрь

27 сентября, 2018

27.09.18 Түркияның Таяу Шығыс техникалық университетінің(ODTÜ)оқытушысы және Юнус Эмре институты Ғылыми кеңесінің мүшесі,профессор,доктор Мелахат Білге Демиркөз Қазақстандағы ғылыми іс-сапары барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ЕҒЗИ конференция өткізді

Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің арнаулы қолдауымен, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен семинар-конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза бастаған құрметті қонақтар мен институты қызметкерлері қатысты.
12 сентября, 2018

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов Алматыға сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Сапар барысында профессор, доктор Болатбек Әбдірасылов мырзаға институт ғимаратының физикалық мүмкіндіктері көрсетіліп, институт қызметкерлерімен танысу рәсімі өткізілді.