Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек мырза 2015 жылдың 14 қыркүйегінде институт қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуына байланысты түскі асқа шақырған болатын. Мекеме басшысы доцент, доктор Невзат Шимшек түскі ас кездесудегі сөзінде өткен оқу жылында институтымыз біршама ауқымды қызметтер атқарғандығын және бұл қызметтердің осындағы ұжымның арқасында жүзеге асқандығын айта келіп үстіміздегі оқу жылында бұл жұмыстардың артатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, иснтитут директоры жаңа оқу жылында институт ұжымына жаңадан келген қызметкерлерді таныстырды. Жаңадан келген қызметкерлер phd Айдарбек Амірбек, Динара Талдыбаева және қонақ зерттеуші проф., доктор Жалолиддин Мирза жаңа оқу жылына жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, пікірлерімен бөлісті.