ЕҒИ қызметтері

Институт келесі мақсаттарды көздейді:

• Еуразия халықтарының, оның ішінде түркі жұрағатының тіліне, дініне, мәдениетіне, өнеріне, тарихына, білімі мен ғылымына, дүниетанымына, экономикасына және қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, технология, әлеуметтану, саясаттану, археология, экология салаларындағы өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу, деректер жинақтау, ғылыми жобаларды әзірлеу және қолдау көрсету.

• Еуразия халықтарының, оның ішінде түркі жұрағатының ортақ мүдделері мен аймақтағы бейбітшілікті сақтауға, ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық ұсыныстар мен жобаларды дайындау және осы бағытта ғылыми мәліметтер дайындау.

• Әлемде осы бағытта жұмыс жасайтын басқа да орталықтармен ортақ жобалар жасау және жүзеге асыру.

• Түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардың мүше болған басқа да аймақтық және халықаралық орталықтармен ынтымақтаса отырып, жобалар дайындау.

• Осы бағыттағы магистрант, доктарант және ізденушілерге шәкіртақы тағайындауда қолдау көрсету.

• Курстар ұйымдастыру.

• Мақала, кітап және журналдар жариялау, деректі фильмдер дайындау.

• Институт тарапынан немесе институттың қолдауымен атқарылған іс-шараларды халыққа танытуға ықпал жасау.

• Республикалық, халықаралық деңгейде ғылыми семинарлар мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.

• Осы бағыттағы жұмыстарға сыйақылар тағайындау.