Суат Бейлур
Директор
Суат Бейлур Анкарадағы Йылдырым Беязыт университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін және Хаджеттепе университетінде халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесін алды. Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгенге дейін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінде (YTB) сарапшы, директор, бөлім басшысы және кеңесші болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми қызығушылық салалары: Орталық Азия мен Балқандағы әлеуметтік өзгерістер, дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, диаспора
Женгизхан Жаналтай
Директордың орынбасары
Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.
Гүлнар Надирова
Аға ғылыми қызметкер
Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.
Қанат Маханов
Аға ғылыми қызметкер
Қанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.
Өмірбек Қанай
Аға ғылыми қызметкер
Өмірбек Қанай қазіргі кезде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып жұмыс атқаруда. Ол 2004 жылы ҚХР Орталық ұлттар университетінің Қазақ тіл-адебиеті факультетіне түсіп, 2009 жылы аяқтады. 2008-2009 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде білім асырды. 2010-2013 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде түркология мамандығы бойынша докторантура оқыды. Аталған бөлімде 2010-2012 жж.
Альбина Муратбекова
Аға ғылыми қызметкер
Доктор Альбина Муратбекова – Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Альбина шығыстану ғылымдарының PhD докторы. Сонымен қатар, EUCACIS PhD докторанттарды қолдау бағдарламасының стипендиаты, Фудан Университетінің стипендиаты, Кембридж Университетінің шақырылған студенті және Ланчжоу Университетінің алмасу бағдарламасының студенті болған. Бұрын Нархоз және АлмаЮ университеттерінің халықаралық бөлімдерінде университеттің интернационалдандыру стратегиясын енгізу бойынша жұмыс атқарды.
Алмас Жүнісбаев
Аға ғылыми қызметкер
PhD кандидат, тарих магистрі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетін (2005) және аспирантурасын (2008), магистратурасын бітірген (2013). 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының докторантурасын аяқтаған. 2016-2017 жылдары Турин университетіннде (Италия) ғылыми тағылымдамадан өткен. 2013 жылы «Санжар Асфендиаровтың ғылыми-педагогикалық қызметі (1928-1937)» тақырыбында диссертация қорғаған.
Еркінбек Тұрғынов
Кіші ғылыми қызметкер
Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.
Нұрлан Мүминов
Кіші ғылыми қызметкер
Нұрлан Мүминов — Еуразиялық зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Ол Стамбұл университетінде саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр және PhD дәрежесін алған. Бұған дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өңірлік зерттеулер кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Оның халықаралық қатынастар, саясаттану және өңірлік зерттеулер саласында бакалавриат пен магистратура деңгейінде дәріс беру тәжірибесі мол. Ғылыми зерттеу бағыттары: бірегейлік саясаты, қауіпсіздік мәселелері, жады саясаты, сыртқы саясат және геосаясат.
Ануар Сатмурзин
Кіші ғылыми қызметкер
Ануар Сатмурзин Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. Австрия Вена қаласының Орталық Еуропа университетінің саясаттану магистрі. Оқу барысында Ануар үздік академиялық жетістіктері үшін марапатқа ие болды. Оның ғылыми жұмыстағы негізгі бағыттары-аймақтық тұрақтылықты қалыптастырудағы кішігірім мемлекеттердің рөлі, регионализм және аймақтану, мульти-векторлы саясат, hedging стратегиялары, және пост-кеңестік hedging тақырыптарын қамтиды.
Аида Амангельдина
Кіші ғылыми қызметкер
Аида Амангельдина Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. Аида Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және Назарбаев Университетінде халықаралық қатынастар мен саясаттану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Оның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары – Каспий теңізінің су ресурстарын басқару және Қазақстанның энергетика секторы. Аида Carnegie Politika, Beda Media және CABAR.asia сайттарында мақалалар жариялаған.











