Дәулет Жайлыбаев

Дәулет Жайлыбаев

Senior Research fellow

Қазіргі таңда Жайлыбаев Дәулет Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқарады. Ол 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) тарих мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнология кафедрасында магистратураны аяқтап, «Қазақстандағы әзербайжандар: этномәдени үрдістер» атты тақырыпта диссертация қорғады.

Staff's Publications


July 9, 2022

Этнотуризм түркі мемлекеттері интеграциясының факторы ретінде

Қазіргі дүниежүзі елдері өз экономикасын жан-жақты дамыту мақсатында туризм саласына негізгі басымдықтар беруге тырысады. Себебі туризм арқылы экономикалық әлеуетті реттеу экономиканың басқа салаларына қарағанда тиімді болады. Қазіргі кезде туризмнің көптеген бағыттары қалыптасқан. Соның ішінде, арнайы табиғи жағдайды қажет етпейтін этнотуризм саласы екені анық. Этнотуризм үшін арнайы табиғи ерекшеліктің қажеті жоқ, […]
April 28, 2022

Түркістан облысындағы бала туу көрсеткіші және балалар тәрбиесінің маңызы

ҚР Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялады [Kaz.zakon, 2022]. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамды дамытудың басты негізі жас ұрпақ екенін түсіндіреді. Бұл Қазақстанның қазіргі әлеуметтік даму жағдайында келешек ұрпақтың өміріне баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, еліміз бойынша халықтың табиғи өсімін реттеу қалыптасқан демографиялық ахуалды […]
April 22, 2022

Күнделікті өмірдегі мифология: Түркістан киелі жерлерін зерттеу тұрғысында

Түркістан тарихы мен мәдениетін зерттеу көптеген ғылыми бағыттардың ортақ сабақтастығын қажет етеді. Бұл негізінен археология, этнография, әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарды қамтиды. Соның ішінде Түркістанның мәдени ерекшеліктерін, өңірдің киелі жерлерін, аңыздарын мифологиялық тұрғыдан талдау халықтың мифтік санасындағы өзгерістерін сипаттайды. Алғашқы кезеңде адамның өмір тіршілігіндегі мифологияның орны мен қызметі және […]
March 1, 2022

Түркістан облысындағы бала туу көрсеткіші және балалар тәрбиесінің маңызы

ҚР Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялады [Kaz.zakon, 2022]. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамды дамытудың басты негізі жас ұрпақ екенін түсіндіреді. Бұл Қазақстанның қазіргі әлеуметтік даму жағдайында келешек ұрпақтың өміріне баса назар аудару қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, еліміз бойынша халықтың табиғи өсімін реттеу қалыптасқан демографиялық ахуалды […]
February 2, 2022

Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін құрастырудың кейбір мәселелері

2020 жылы қазақтың белгілі ақын, философы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай елімізде көптеген іс-шаралар мен арнайы жобалар жүргізілді. Соның ішінде ғылыми ортада Абай Құнанбайұлына арналған конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастырылып, ақынның шығармашылығы көпшілікке жаңа қырынан жол тартты. Сонымен қатар, абайтанушы ғалымдардың жаңа ізденістері баспасөз беттерінде, арнайы жинақтарда және еңбектерде көрініс […]
January 24, 2022

Түркі дүниесінің ықпалдастығындағы Түркістанның этномәдени және рухани рөлі

Түркістан қаласындағы мәдени жаңғырулар еліміздің сыртқы саяси бағытындағы Түркі дүниесімен жақындасуыдың негізгі платформасы ретінде қалыптасып келеді. Ал әлемдегі түркітілдес елдердің қазіргі саяси- экономикалық жағдайы өзара ықпалдастықты қажет етеді. Бұл тұрғыда Түркістан қаласының түркі мемлекеттерінің рухани астанасы ретінде түркі елдерінің ықпалдастық үрдістерін қамтамасыз етуге мәдени әлеуеті толық жеткілікті.
October 22, 2021

Түркістан облысы ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері

Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты жолға қойылған. Оның ішінде мал шаруашылығы, бау-бақша, егін шаруашылығы және балық шаруашылығы кеңінен дамыған. Қазақстанның жалпы жер көлемінің 80% жуығы ауыл шаруашылығына қолайлы болып табылады. Ал оның 11% жуығы егістікке арналған жерлер болып есептеледі. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 22,582,3 мың […]
October 22, 2021

Түркістан облысындағы ажырасу көрсеткіштері мен себептері

Қоғамда неке және отбасы мәселесі қай кезде болмасын өзектілікке ие, себебі отбасы институты қоғамдық дамудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Соның ішінде ажырасу жағдайы үлкен әлеуметтік проблема болып табылады. Бұл тек қоғам үшін ғана емес, сонымен қатар ерлі зайыптылар, олардың балалары мен жақындарына да қиындық тудырады. 1950 жылдары республика бойынша әр […]
August 27, 2021

Қазақтың халық медицинасының зерттелуі

Қазақтың халық медицинасын қарастырғанда бірқатар мәселелерді кешенді түрде қамту қажет деп есептейміз. Себебі, халық медицинасы ғасырлар бойы ұлттың өмір тәжірибесінде қалыптасқан ілім болғандықтан, оның сан салалы қырлары өте мол. Сондықтан, халық медицинасын дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, қоныстану, тамақтану жүйесімен және киім-кешектің қызметімен тікелей байланыстыруымыз қажет. Осы тұрғыда қарастырылып отырған халық медицинасының […]
May 27, 2021

Түркістан туризміндегі жаңа мүмкіндіктер

Түркістан қаласының келешек туристік әлеуеті көнеден қалыптасқан өзіндік дәстүрлерімен тікелей байланысты. Мұны Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан қаласының мәдени және тарихи ескерткіштерімен түсіндіреміз. Бұл дәстүрлі құндылықтар заманауи қаланың туристік әлеуетіне көп ықпал етіп отыр. Оны ең алдымен тарихи қаланың қазіргі сақталу жағдайы мен бүгінгі архитектуралық нысандардағы ортағасырлық стильмен сабақтастығы ретінде […]