Дәулет Жайлыбаев

Дәулет Жайлыбаев

Senior Research fellow

Қазіргі таңда Жайлыбаев Дәулет Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқарады. Ол 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) тарих мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнология кафедрасында магистратураны аяқтап, «Қазақстандағы әзербайжандар: этномәдени үрдістер» атты тақырыпта диссертация қорғады.

Staff's Publications


April 21, 2021

Түркістан қаласының мемориалды орындары

Адамның тарихи жадысы мәдени-әлеуметтік бірегейленуінің басты факторы болып табылады. Себебі, тарихи жады біздің ортақ естеліктеріміз арқылы бір-бірімізді байланыстырады, туыстық, достық, топтық, тіпті этникалық қатынастарды реттейді. Тарихи жадының белгілі орындарға, мекендерге байланысты орын алуы ғылымда материалдық мәдениет пен рухани құндылықтардың ортақ қатынасын түсіндіреді. Мемориалды орындарды тарих, этнография, әлеуметтану, антропология, философия, архитектура, […]
February 8, 2021

Түркістан қаласы архитектурасындағы әлеуметтік аспект

Қала тұрғындарының мәдениеті мен өмір сүру дағдылары тікелей қаланың орналасқан орны мен архитектуралық ерекшелігіне байланысты. Соның ішінде Орталық Азия және Қазақстан территориясындағы ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен дамуы тұрғындардың әлеуметтік құрылымына және адамдардың өмір сүруіне ыңғайластырылған. Еліміздегі мұндай қаланың негізгі көрсеткіші ретінде Түркістан қаласын қарастыруға болады. Көне Түркістан қаласының архитектурасы орта ғасырлардағы […]
November 23, 2020

Пандемия жағдайындағы қала өміріндегі өзгерістер: Түркістан қаласы мысалында

2020 жылдың басында әлемнің көптеген елдеріне тарала бастаған Covid-19 коронавирус инфекциясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДС) әлемдік пандемия жариялауына алып келді. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індеттің тез таралуы мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуына, тұтас өнеркәсіп жүйесінің әлсіреуіне, экономикалық дамудың бәсендеуіне негіз болды. Соған сәйкес, көптеген іргелі елдер коронавирус пандемиясы жағдайына негізделген […]
October 25, 2020

Түркістан облысының сакралды географиясы

2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан кейін, еліміздің қоғамдық ғылымдар саласында үлкен серпіліс болды. Бұл «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына негіз болды. Осы бағдарлама аясында бірнеше бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын» дайындау аса маңызды міндеттердің […]
October 25, 2020

Cардоба су қоймасының жарылуының Түркістан облысындағы салдары

2020 жылдың 27–29 сәуір аралығындағы Өзбекстанның кейбір аймақтарындағы ауа райының күрт өзгеріп, жауын-шашынның мол түсуі Сырдария облысында орналасқан Сардоба су қоймасының жарылуына негіз болды. Қазақстанмен шекаралас облыста орналасқан су қоймасының жарылуы Өзбекстанның 70 мыңнан астам тұрғынын баспанасыз қалдырып, 20-дан астам елді мекеннің су астында қалуына мәжбүрледі [Informburo.kz, 2020]. Өзбекстан территориясында […]
October 24, 2020

Түркістан облысының этнодемографиялық жағдайы және оның бағыттары мен трансформациясы

Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуы өңірдегі экономикалық, мәдени және демографиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал етуде. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этнодемографиялық үрдістерінің бағыттары мен трансформациясына өзгерістер алып келуе. Қазіргі Түркістан облысының демографиялық жағдайы XX ғасырдың басынан бері әртүрлі көрсеткіштерге ие болды. Ерекшелігі, ғасыр бойы облыстың халық санының өсу динамикасы ілгерілеп отырған. […]
October 24, 2020

Түркістан қаласының мәдени және әлеуметтік жобалар аясында өркендеуі

Қазақстанның ортағасырлық дәстүрлі қала мәдениеті цитадель, шахристан және рабат болып үшке бөлінеді. Қала үшін бұл үш бөліктің де маңызды қызметтері болды. Сонымен қатар, бұл бөліктер өзара тығыз қарым-қатынаста болғанымен әлеуметтік және мәдени жағынан ерекшеленді. Осы тұрғыда қалыптасқан ортағасырлық қалалардың бірі ретінде Түркістан қаласының құрылымы мен ерекшелігі жетерлік. Алайда, қазіргі Түркістанның […]
October 24, 2020

Түркістаның әлеуметтік желідегі визуалды талдауы

Қоғамдық ғылымдардың дамуы мен өркендеуі мәдениетті түрлі қырынан зерттеуге мүмкіндік беріп отыр. Уақыт өткен сайын ғылыми пайымдар мен жаңалықтар нақтылықты және шынайылықты талап етуде. Соған сәйкес ғылымдар арасында кейбір мәселелерді тар түсінікте қамтитын бағыттар қалыптасты. Олардың көпшілігі осы қоғамдық ғылымдардың еншісінде десек қателеспейміз. Осындай әдістердің бірі этномәдениет үлгілерін зерттеудегі визуалды […]
April 27, 2020

Түркістан облысының әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымы

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өңірлердегі халықтың өмір сүру деңгейінен көрініс табады. Бұл тұрғыда өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымның жағдайы толық шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін жақсартуға арналған бағдарламалар аясында атқарылып отырған ісшаралар өңірлердегі жылдар бойы қордаланған мәселелерді толық шеше алмай келеді.