Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өңірлердегі халықтың өмір сүру деңгейінен көрініс табады. Бұл тұрғыда өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымның жағдайы толық шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін жақсартуға арналған бағдарламалар аясында атқарылып отырған ісшаралар өңірлердегі жылдар бойы қордаланған мәселелерді толық шеше алмай келеді.