Семинар-практикумның ашылуында сөз сөйлеген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институттың тарихы, мақсаты және ғылыми зерттеулері туралы ақпарат беріп, іс-шараға қатысқан қонақтарға алғыс білдірді және іс-шараның нәтижелі болуын тіледі.
Семинар-практикум барысында Ханьян университетінің жоба менеджері доктор Борам Шин семинар-практикумның мақсаттары мен үміттері туралы толық ақпарат берді. Кембридж Орталық Азия форумынан доктор Сидхарт Саксена Еуразияда ғылымның дамуындағы ғылыми дипломатияның рөлі бойынша жүргізілген зерттеулермен қатар, өздерінің тәжірибелері туралы баяндады.
Семинар-практикумда сондай-ақ, Орталық Азия мен Еуразияда ғылым, посткеңестік Еуразиядағы ғылыми институттардың ресурстық қолдауы, Азия халықтары үшін демократиялық ғылым және Оңтүстік Кореядағы дипломатия тарихы туралы баяндамалар жасалды.
Семинар-практикум соңында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер түрлі тақырыпта жасалған баяндамалардың ғылымға маңызды үлес қосатынын айтып, қатысушыларға алғысын білдірді және оларға институттың кейбір басылымдарын сыйға тартты.