Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Невзат Шимшек 2016 жылғы 9 желтоқсанда Қырғызстанның Бішкек қаласында 2016 жылғы 22-23 қараша күні Анкарада өткен «Еуразия стратегиялық зерттеу орталықтарының кездесуі» симпозиумына қатысқан стратегиялық зерттеу орталықтарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Қырғызстан Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Азамат Диқамбаев пен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Невзат Шимшек кездесуде екі институттың бірлескен іс-шараларын жүзеге асыруға келісті және болашақта жүзеге асырылатын бірлескен жобаларды талқылады. Сол күні «Еуразия стратегиялық зерттеу орталықтарының кездесуі» симпозиумына Қырғызстан Ғылым академиясы Д.А.Алышбаев атындағы Экономика институтынан қатысқан институт директоры профессор, доктор Тоқтобюбю Дыйқанбаевамен кездесу барысында әсіресе Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін Қырғызстан экономикасының жағдайы талқыланып, болашақ ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізді.