Жұмысқа өтінім берудің соңғы мерзімі: 15 қыркүйек 2024 жыл
Негізгі талаптар: Доктор немесе магистр академиялық дәрежесінің болу
Жұмыс сипаттамасы: Еуразия ғылыми-зерттеу институты толық немесе жарты жұмыс күндік штаттық тәртіппе келісімшарт негізінде ғылыми зерттеушілерді жұмысқа қабылдайды. Институт жүргізетін зерттеулерге академиялық және ғылыми тұрғыдан үлес қосып, институттың иелігіндегі мерзімдік ақпарат құралдарына ғылыми жарияланымдар дайындау, үкіметтік яки халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, институт өткізетін ісшараларды ұйымдастыруға атсалысу – ғылыми қызметкердің жауапкершілігіндегі міндеттерге кіреді.
Институт бағыттарда: экономика, қаржы, энергетика, саясат, сыртқы саясат, қауіпсіздік, аймақтағы елдер мен басқа елдер арасындағы қарым-қатынас, қоршаған орта, миграция, климаттың өзгеруі, технология, тіл, дін, философия, тарих, мәдениет, өнер, әлеуметтану сияқты бағыттар ғылыми зерттеулер жүргізеді. Еуразия ғылыми-зерттеу институты зерттеушілердің ғылыми қабілеті мен тәжірибесіне сай лайықты жалақы ұсынады.
Академиялық біліктілік:
Ағылшын тілін (upper-intermediate) деңгейінде білу жұмысқа қабылданушыға артықшылық. Қазақ және орыс тілдерін академиялық деңгейде білу басты талап болса, түрік тілін білу жұмысқа тұрушыға үлкен мүмкіндік береді.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика, халықаралық қатынастар, аймақтық қауіпсіздік тақырыптарында ғылыми-зерттеу жүргізе алуымен қатар институттың ғылыми салалары бойынша магистр немесе доктор дәрежесінің болуы маңызды.
Академиялық журналдарда жарияланымдарының болуы;
Қысқа уақытта жазып, редакторлық тексерістен сүрінбей өтетін, сапалы, талапқа сай зерттеу мақалалар жазу дағдысы қалыптасқан қабілеттің болуы;
Үкіметтік немесе халықаралық ғылыми жобаларда жұмыс істеген орындаушы яки жетекші тәжірибесінің болуы үлкен артықшылық береді;
Өтінім беру үшін:
Үміткерлер келесі құжаттарын doc немесе pdf форматында [email protected] электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы өтініш бере алады.
а) «Ғылыми қызметкер» лауазымына оқу және жұмыс тәжірибені сипаттайтын өтініш хаты
б) Академиялық журналдағы жарияланған мақалалары;
- c) Жарияланымдар тізімі және басқа да академиялық қабілеттері көрсетілген түйіндеме;
- d) Магистратура және докторантура бітіргені туралы диплом көшірмелері;
- e) Бар болған жағдайда ағылшын және/немесе түрік тілдеріндегі мақалалар тізімі;
Институтта жүзеге асыруды жоспарлаған жобалары туралы аңдатпа;
Жұмыс туралы басқа сұрақтарыңыз бен құжаттарыңызды [email protected] мекенжайына жіберуіңізге болады.

