Желтоқсанның 18 күні, Жоғары оқу кеңесі және Ахмет Ясауи университетінің өкілет кеңесі мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшек институтымыздың конференция залында «Жоғары Білім және Индустрияландыру» тақырыбында семинар өткізді.
Проф. Шимшек әлемнің үнемі өзгерісте болуына әсер етуші ең басты күштері ретінде жаһандану, бәсекелестік және технологиялардың дамуын атай отырып, бұл өзгерістен қаша алмайтынымызды, қоғамды ауылшаруашылық табынан мәдениет табына ауысқандығын және бұл себептен де қазіргі таңда жоғары оқу орындарының айрықша орнын атап өтті.
Әлемдегі өзгерістер процесстерінің маңызды даму дәрежесі жоғары білім беру көзқарасымен қарасақ, әсіресе Еуропаның Университеттердің Ұлы Хартиясы пікірімен басталып Болон үдерісімен жалғасқандығын көруге болатындығын профессор Шимшек Университеттердің Ұлы Хартиясы қағидаларының университет жұмысы үшін маңыздылығын баса айтты.
Жоғары оқу орны сауатты қоғамның құрылуының ең басты негізі, сондықтан профессор Шимшек университеттердің міндетін негізгі төртке; ақпаратты өндіру, үйрету, ұсыну және жариялау деп бөледі. Университеттер бұл міндеттерді іске асырған жағдайда ғана, қабілетті жас буын бұл білімді орынды қолдана отырып білікті адам капиталының құрылуына үлесін қосады.
Шет тілдер және Іскерлік университетімен бірлесе өткізген бұл іс-шарамызға келген қатысушылар қазіргі заманның ауқымды мәселесі ретінде баға беріп, қарқынды түрде қолға алу керектігін айтты. Әсіресе, жоғары оқу орны жастардың игілігіндегі маңызды мәселесі болып табылады.