Халықаралық жас ғалымдар, кәсіпкерлер мен тәлімгерлер желісі, Қожа Ахмет Ясасуи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Түркияның энергетикалық стратегиясы және саясатын зерттеу орталығымен бірлесе отырып, «Түркі әлемінің болашақ энергетикалық перспективалары» атты онлайн панель өткізіп, Түркі әлеміндегі энергетикалық ресурстар, энергетикалық саясат және жаңартылатын энергияның болашағы жайлы пікір алмасты.
Аталмыш панельдің модераторлығын Гази Университетінің оқытушысы, Халықаралық жас ғалымдар, кәсіпкерлер мен тәлімгерлер желісінің (ULUĞ) тәлімгері, профессор доктор Эрол Курт жүргізген болса, панельге ULUĞ бас үйлестірушісі, TÜBİTAK бас сарапшысы Фатих М.Шахин, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Вакур Сүмер, Түркияның Өнеркәсіптік Даму Банкі (TSKB) Энергетикалық жұмыс тобының төрағасы PhD Кубилай Кавак, TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының сарапшы аға зерттеушісі Өмірбек Қанай қатысты.
ULUĞ бас үйлестірушісі, TÜBİTAK бас сарапшысы Фатих М.Шахин, өзінің кіріспе сөзінде өте жақсы кездесу және панель болатынына сенім көрсететінін және панельдегі басқа спикерлердің де өте құнды екенін мәлімдеді. Ол ULUĞ-тың жаңа формация енедігін айта отырып, ULUĞ-тың тақырыптық топтары туралы мәлімет берді.
Панельдің алғашқы презентациясын Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Вакур Сүмер жүзеге асырды. Сүмер өз сөзін панельді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарған ULUĞ пен TESPAM ұйымдарына алғыс білдіруден бастады. Орталық Азия дегенде «қазба байлықтар» ойға түсетінін айта келе, ол аталған аймақтың жаңартылатын энергия ресурстарына да бай екенін және болашағы зор екендігін мәлімдеді. Ол Қазақстанның Орталық Азия географиясы бойынша жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең озық ел екенін айта отырып, 2020 жылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі жоспарланған 3%-дан төмен болғанын жеткізді. Орталық Азия елдері халық тығыздығының төмендігіне байланысты күн электр станцияларын құруға жарамды екенін айта келе, олардың энергия өндіруде күн мен желден пайда табудың әлеуеті жоғары екенін мәлімдеді. Ол Орталық Азия елдері арасында жаңартылатын энергия көздері бойынша Түркіменстанның ең дамымаған ел екенін айтты. Ол жел, күн және тіпті шоғырланған күн сияқты жаңартылатын энергия жүйелері Еуропа елдерінің құрылымына байланысты аз тиімділік беретінін айта келе, Қазақстан сияқты шашыраңқы қоныстанған Орталық Азиялық елдерде осы жүйелерден көбірек тиімділік алынатынын жеткізді.
Панельдің екінші хабарламасын TSKB Энергетикалық жұмыс тобының төрағасы PhD Кубилай Кавак «Түркияның энергетикалық болашағы» атты тақырыппен жалғастырды. Ол өз сөзін ULUĞ ұйымына жастарға арналған қызметі үшін алғыс білдіре отырып, бұл іс-шаралардың энергетикалық жағынан да өте маңызды екенін мәлімдеді. Энергетиканың көп салалы сала екенін айта келе, оны басқа салалар арқылы қолдамаса, жағымсыз нәтижелер туындайтынын айтты. Ол Данияның жел турбиналарын өндіруде көшбасшы ел екенін, 2000-шы жылдардың басында әлемде 2-ші орынды иеленгенін және жаңартылатын энергия теңгерімделген энергия шығыны жағынан анағұрлым тиімді екенін мәлімдеді. Түркияда көмірдің басқа салаларда қолданылуын ескере отырып, Түркияның энергетикалық саясаты жаңартылатын энергияға айналуы керек екндігін айтып сөзін аяқтады.
Панельдің үшінші баяндамасын TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер «Кавказдағы энергетикалық мәселелер» деген тақырыппен жалғастырды. Ол бұл мәселе әр түрлі жағынан қарастырылғанын және бұл панельдің пайдалы екенін мәлімдеді. Баяндамасын түркі әлемі тұрғысынан жүзеге асыратынын айта келе бұл мәселеге Кавказды қосатынын және көмірсутегі ресурстарына қатысты ақпарат берді. Қытайдың Қырғызстан мен Тәжікстанда су ресурстарына ие болу стратегиясын жасағанын айта отырып, бұған жол бермеу үшін түркі әлемі жаңартылатын энергия көздерінің стратегияларын жасау арқылы жұмыс жасауы керек екендігін білдірді.
Панельдің соңғы презентациясын «Қытайдың Шығыс Түркістандағы энергетикалық жобалары» деген атпен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға сарапшысы Өмірбек Қанай өткізді. Ол Шығыс Түркістан Қытайдың табиғи газ өндірісінің 19,9%-ын құрайтынын және оның қымбат металдарға бай аймақ екенін айтты. Ол Шыіыс Түркістанның 3 маңызды энергетикалық аймаққа бөлінетіндігін және бұл аймақтардың мұнай мен табиғи газға бай екенін айтып сөздерін аяқтады.
Панель соңында сұрақ-жауап өткізіліп, қатысушылар әртүрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Панель модераторы профессор доктор Эрол Курт кездесуді панельдің өте қанағаттанарлық және пайдалы болғандығын баса айтып панельді аяқтады.