Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз алған Виктор Карвацкий ең алдымен институтқа осындай семинар өткізу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, Украинадағы энергетика, әсіресе, газ өнеркәсібі туралы маңызды ақпараттар берді.
Семинардың жалғасында Виктор Карвацкий энергетиканың әлемде ең көп талқыланатын маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтіп, сы тұрғыда Еуропаға жететін ресейлік газдың айтарлықтай бөлігі Украинаның газ тасымалдау жүйесі арқылы өтетінін айтты.
Сонымен қатар, Виктор Карвацкий Украинаның өте үлкен газ тұтынушы ел екенін айтып, елде жыл сайын шамамен 30 миллиард текше метр газ тұтынылатынын, ал өз өндірісі небәрі 20 миллиард текше метрді құрайтынын айтты. Украинаның 1,1 триллион текше метрге бағаланған орасан зор газ қоры бар екенін жеткізген Виктор Карвацкий бұл елдің Еуропадағы жетекші газ орталығы болуға мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті. Дегенмен ол табиғи газ әлеуетін жүзеге асыру үшін Украинаның кейбір кедергілерді еңсеріп, маңызды өзгерістер жасауы қажет екенін айтып, маңызды мәселелердің бірі ретінде Ресейдің Украина арқылы Еуропаға газ экспорттаудан бас тартуын атады. Осы себепті ол Ресейдің «Солтүстік ағын» жобасын қолдау үшін бар күшін салып жатқанын да тілге тиек етті.
Семинар соңында Виктор Карвацкий Украинаның да шамамен 50 миллиард текше метрді құрайтын өте үлкен газ сақтау әлеуеті бар екенін, алайда оны толық пайдалану үшін Украина тұтынушылардың энергетикалық қауіпсіздігіне кепілдік беру және олардың сеніміне ие болу мақсатында газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуы керек деген қорытындымен сөзін аяқтатты.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, түрлі ойларымен бөлісті.