Дәулет Жайлыбаев «Оралмандардың мәдени және экономикалық әлеуеті» атты семинарда оралмандардың қоғамға мәдениет, өркениет және экономика саласындағы үлесі туралы толық ақпарат берді. Оралмандардың елге оралуын жеңілдеткен бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанның демографиялық құрылымына үлес қосу деп айтты. 1992 жылғы заңға сәйкес оралмандардың Қазақстанға көшуі жеңілдетілгенін, 1991-2017 жылдары Қазақстанға 957,772 оралманның келгенін және 61%-ының Өзбекстаннан, 14%-ының Қытайдан, ал 9%-ының Монғолиядан келгенін айқындады.
2003 жылы ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны да мәдени мұра тізіміне енгізе бастағанын, осы орайда оралмандардың ежелгі қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау арқылы ұмытылып қалған көптеген мәдени мұраларды қайта жандандыруда маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Оралмандардың бір өркениет тасушысы екенін айта отырып, бұрынғы мәдени дәстүрлерді сол күйінше сақтап қалудың арқасында қазақ мәдени мұрасына елеулі үлес қосты деп атап өтті. Мысалы, бұрынғы қазақ биі – «Қара жорға» биі оралмандардың арқасында қайта еске түсіп, танымал болды деп айтты. Сондай-ақ, оралмандардың қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын көптеген заттарының мұражайларда сақталуы көне мәдени мұраларды болашақ ұрпаққа жеткізуге үлес қосты деп тілге тиек етті.
Оралмандар арасында сауаттылық деңгейінің жоғары екенін, түрлі елдерден келгендіктен қытай, араб, шағатай тілдерін және кейбіреулерінің ескі қазақ әлiпбиiн білуі тарихи ғылыми зерттеулердің алға басуына септігін тигізгенін айтты. Мәдениет, өркениет және академиялық зерттеулермен қатар, оралмандардың көптеген салаларда шағын және орта бизнес ашқанын айтты. Оралмандарға арналған жобалар арасында қоғамдық бірлестіктер сияқты жобалардың болғанын және олардың ішінде ең сәтті жобалардың бірі «Асар» қоғамдық бірлестігі екенін айтты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орта тапты құру жайлы сөзіне негізделе отырып, оралмандардың орта тапты құруға экономикалық тұрғыда маңызды үлес қосатына сенетінін айтты.
Оралмандардың негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік секторларында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатынын атап өтті. Қытай мен Ираннан келген оралмандардың көбінесе ауыл шаруашылығы секторында, Өзбекстан мен Қарақалпақстаннан келгендер құрылыс секторында, ал Түркия мен Қытайдан келгендер азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтінін айтты. Сөз соңында Қазақстанға келген оралмандардың таралуын әрі демография, әрі адам капиталы тұрғысынан Қазақстан экономикасына үлес қосатындай отырып қамтамасыз ету керектігін айтып, баяндамасын аяқтады.
Семинар соңында қатысушылар оралмандардың қоғамға мәдени және экономикалық үлесі бойынша пікір алмасты.