2022 жылы 25 қарашада Анкара университетінің ректоры, профессор, доктор Неждет Үнүвар мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз Қазақстанға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.