Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуы жайында өзінің зерттеулері туралы баяндама жасаған доктор Арай Ильясова-Шонфельд Қазақстанның Болон үдерісіне қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет екенін және бұл мүшелік ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен келіссөздердің нәтижесі болғанын тілге тиек етті.
Доктор Арай Ильясова-Шонфельд ұзақ жылдар бойы КСРО-ның басқаруында болған Қазақстанның білім беру саласындағы мәселелерінің тереңде жатқанын, дегенмен, ЕО ұйымдары мен институционалдық деңгейде басталған ынтымақтастыққа жеке тұлғалардың белсенділігі арқасында маңызды қадамдар жасалғанын атап өтті. Осы үдерістің соңында Қазақстан өзінің түбегейлі реформаларымен Болон үдерісіне қосылғанын, сөйтіп Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуы жоғары білім беруде тамаша өзгерістерге әкелгенін жеткізді. Болон үдерісіне қатысқаннан кейін Қазақстан университеттері де айтарлықтай құрылымдық өзгерістерге куә болып, соның нәтижесінде университеттердің білім сапасы жыл санап артып, халықаралық рейтингтердегі дәрежелері артқанын баяндады. Енді бір жағынан, бұл үдеріс студенттер мен ғалымдардың халықаралық белсенділігін арттырғанын атап көрсетті
Соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір өзара алмасып, семинарды қорытындылады.