Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Сыртқы саясат институтымен бірге ұйымдастырған іс-шарада Қазақстан бойынша зерттеулер жүргізетін институттардың бірі болып табылатын Еуразия ғылыми-зерттеу институты аймақтану бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті. Институт директоры доцент доктор Вакур Сүмер Университеттің миссиясы мен көзқарасына сәйкес академиялық тұрғыдан Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың дамуына үлес қосу мақсатында жүргізілген іс-шаралар туралы әңгімеледі. Жалпы еуразиялық географияны қамти отырып, әсіресе Орталық Азия мен Қазақстанның экономика, қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, тіл, тарих және әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылатындығын айтты. Сонымен қатар, бұл зерттеулердің ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерінде басыла отырып едәуір кең аудиторияға қол жеткізілгенін мәлімдеді. Білімді стратегияға айналдыру мақсатында жүргізілген зерттеулерде шешім қабылдаушыларға саясат бойынша ұсыныс беру және туыстас салалардағы әдебиетке үлес қосу мен академиялық іс-шаралардың жүзеге асырылғанын мәлімдеді.
Сыртқы саясат институтының жетекшісі профессор доктор Хүсейн Бағжы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерін мұқият қадағалайтынын және аймақтық зерттеулер жүргізетін зерттеушілер үшін өте маңызды екенін және ағылшын және түрік басылымдарымен академиялық білімнің байлығын арттыратын бірегей институттардың бірі екенін айтты. Өткізілген іс-шаралардың көптеген өзекті мәселелерге жол көрсеткенін және академиялық байланыстардың қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын айта отырып, доцент доктор Вакур Сүмерден толық ақпарат беруін сұрады.
Доцент доктор Вакур Сүмер Еуразия ғылыми-зерттеу институты құрылған 2014 жылдың тамызынан бастап жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес сапалы жұмыстарға қол қою арқылы академиялық қауымдастыққа аз уақыт ішінде таныла бастағанын баса айтты. Осы зерттеулердің мысалы ретінде екі жылда бір рет өткізілетін Халықаралық экономика, қаржы және энергетикалық конгресс (EFE) деп аталатын іс-шара институттың ең маңызды брендтік іс-шараларының бірі болып табылатынын мәлімдеді. Әр конгреске 100-ге жуық сарапшылардан басқа, әлемге әйгілі 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты профессор доктор Азиз Санжар сияқты ғылым әлемнің көрнекті қайраткерлерінің қатысуы әрі аймақтық зерттеулерге әрі Еуразия ғылыми-зерттеу институтының академиялық қызметіне деген қызығушылығы мен құндылығын бейнелейтіндігін атап өтті.
Институт аясында Түркі әлемінің көптеген мекемелерінің академиялық шеңберінде ұйымдастырылған бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар осы салаларға өзіндік үлестерін қосатын сарапшылар арасында платформа болудың үлкен пайдасын көретіндігін баса айтты. Халықаралық Матуридизм симпозиумы (2015), Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы атты Халықаралық Ясауи семинары (2016), профессор доктор Илбер Ортайлының «Түркі әлемі мен түркология зерттеулерінің өзекті мәселелері» конференциясы (2018) және Халықаралық түрік тарихы мәтіндерін зерттеу симпозиумы (2019) сияқты ортақ тарихымызға нұсқау көрсететін іс-шаралар өткізілгенін мәлімдеді. Бұлардан басқа «Абай және түркі әлемі», «Азия-Тынық мұхиты еркін сауда келісімі және оның ғаламдық жүйеге көп өлшемді әсері», «COVID-19 әсеріндегі жаңа жаһандық эко-саяси күн тәртібі» және «Аймақтық деңгейде Қазақстан- Түркия қатынастары» сияқты көптеген өзекті мәселелер, соның ішінде семинарлар, панельдер, конференциялар мен семинарлар өткізілгенін мәлімдеді.
Бұл жетістіктер халықаралық ұйымдардың назарын аударғанын және әлемдегі түрлі сараптама орталықтарының рейтингінде танылғаны жайлы әңгімеледі. Бұған қоса Global Think Tanks индексіне сілтеме жасай отырып, Институттың 2018 жылы алғаш енгізілген бұл тізімде жылдар ішінде беделін жоғарылата отырып әрі орналасқан рейтингте жоғарылағанын және әртүрлі басқа тізімдерге еніп үлгергенін атап өтті. Осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерде алдыңғы басқару құрамына, институт ұжымына және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңес төрағасы, профессор доктор Мұхиттин Шимшекке және оның атынан бүкіл университет қауымдастығына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Осы институт құрылымы осы уақытқа дейін академияға қосқан үлесі үшін үлгі бола алатынын айта келе, ол әрқашан Еуразия ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесін әрдайым студент бауырларымызбен бөліскісі келетіндігін мәлімдеді.