Норвегия, Мексика және Австрияда 2013- 2014 жылдары өткен ядролық қарудың гуманитарлық әсері туралы үш халықаралық конференция мен Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штаб-пәтерінде өткен екі реткі келіссөздерден кейін 2017 жылы 7 шілдеде БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ЯҚТСШ) ретінде белгілі ядролық қаруға тыйым салатын алғашқы заңды құжатты қабылдады.

