Түркия, тарихи тамырлары Азияның кең байтақ даласынан бастау алып, кезінде Балқан, Таяу Шығыс және Африка аймақтарына жайылған Осман империясының мұрагері болып табылады. Сондықтан да, Түркия Осман империясының құрамына кірген немесе онымен байланыста болған барлық халықтар мен қауымдастықтармен мәдениәлеуметтік және азаматтық қатынастарын бүгін де жалғастырып келеді.

