Халықаралық Quacquarelli Symonds (QS) 2021 Әлемнің үздік университеттерінің рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 165-ші орынға көтеріліп, АҚШ-тың Рочестер университеті мен Тайваньның Ұлттық Цин Хуа университетінен озып, Ұлыбританияның Эксетер университетінен кейінгі орынға жайғасты. Бұл Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің маңызды жетістігі деп санауға болады.

