2020 жылдың басында әлемнің көптеген елдеріне тарала бастаған Covid-19 коронавирус инфекциясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДС) әлемдік пандемия жариялауына алып келді. Бүкіл әлемді жайлаған бұл індеттің тез таралуы мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуына, тұтас өнеркәсіп жүйесінің әлсіреуіне, экономикалық дамудың бәсендеуіне негіз болды. Соған сәйкес, көптеген іргелі елдер коронавирус пандемиясы жағдайына негізделген әртүрлі бағдарламалар қабылдады.