Халықаралық еңбек ұйымының (2020 жыл) деректері бойынша жастардың жаһандық жұмыссыздық деңгейі (15-24 жас) 13,6%-ды құрайды. Қандай да бiр бiлiмi немесе кәсiптiк біліктілігі жоқ жұмыссыз жастардың саны өсуде. Бұл дегеніміз, жас ұрпақтың жұмыс тауып, ел экономикасына үлес қосуы үшін білімге қол жеткізуі және соған байланысты біліктілікті дамытуы қажет.