Қазақстан мен Үндістан арасында 2009 жылғы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім, екккі елдің қарым-қатынасының соңғы 10 жылда айтарлықтай динамизмге қол жеткізуіне және жан-жақты диалог құруға мүмкіндік берді. 2015 жылы Үндістан Премьер- министрі Нарендра Модидің Қазақстанға сапары ағымдағы қатынастарды нығайтуға одан әрі серпін берсе, 2021 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндістанға жоспарланған сапарының толық серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашуы күтілуде. Бұл тұрғыда Үндістан мен Қазақстан арасындағы өзара әрекеттесудің қазіргі жағдайына сүйене отырып, экономика, қорғаныс, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты екі ел ынтымақтастығының негізгі бағыттары ретінде қарастыруға болады.

