Қырғызстан өзінің табиғи сұлулығымен, тарихи және мәдени құндылықтарымен Орта Азия елдері арасында туристік әлеуметі мен мүмкіндігін жоғары мемлекеттердің бірі. Әсіресе, табиғат туризмінің орны ерекше. Террироиясының 65%-ын Тәңір таулары алып жатқандықтан туристер тарапынан Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те аталады. Жалпы Орталық Азия аймағы қайталанбас табиғи кереметтері мен тарихи орындарымен әлі де әлемдік туризмнің назар аудармағанымен тартымды маршруттарының ортаға шыға бастауы туристтік бағыттардың артуына ықпал етіп отыр.

