АҚШ пен НАТО әскерлері Ауғанстаннан шегіне бастағанда күшейе түскен «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) 2021 жылы 15 тамызда күтпеген жылдамдықпен Ауған астанасы Кабулды соғыссыз басып алып, бүкіл әлемді тағы да тіксіндірді. Ауғанстан үкіметі құлап, Талибан елдің басым бөлігін бақылауға алған соң Ауғанстанда күрделі хаос орнады. Талибанның тура 20 жылдан кейін Ауғанстанда билікті қайта басып алуы көптеген сұрақ туғызуда. Бұл тұрғыда Ауғанстанның болашағы мен оның аймақтық және жаһандық салдары қандай болатыны талқылауға тиісті мәселе болып отыр.

