Орталық Азияның жақын болашақта дүп келетін күрделі мәселелердің бірі – су тапшылығы болары анық. Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, Түрікменстан өте жоғары деңгейде су тапшылығына ұшыраған 17 елдің қатарына кіреді; Өзбекстан мен Қырғызстан аталмыш тізімде су тапшылығы жоғары 40 елдің қатарына кіреді, ал Қазақстан мен Тәжікстанға су тапшылығының қаупі төніп тұр. Климаттың өзгеруі мен халықтың өсуі ағымдағы 75,4 миллионнан 2050 жылға қарай 100 миллионға жететіндіктен Орталық Азиядағы су ресурстары мәселелері күрделене түсетіндігі күтілуде.

