Түркістан тарихы мен мәдениетін зерттеу көптеген ғылыми бағыттардың ортақ сабақтастығын қажет етеді. Бұл негізінен археология, этнография, әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарды қамтиды. Соның ішінде Түркістанның мәдени ерекшеліктерін, өңірдің киелі жерлерін, аңыздарын мифологиялық тұрғыдан талдау халықтың мифтік санасындағы өзгерістерін сипаттайды. Алғашқы кезеңде адамның өмір тіршілігіндегі мифологияның орны мен қызметі және мифтің түрлі категориялары Д. Виконың еңбектерінде көрініс тапты.

