15 қыркүйек 2015 жылы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Невзат Шимшек Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Рыза Каған Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында доцент доктор Невзат Шимшек институттың мақсаты мен алдағы уақытта жоспарлап отырған іс-шаралары туралы баяндады. Осы орайда 13 қазан 2015 жылы "Орталық Азия тарихнамасы және деректері: өткені, бүгіні мен ертеңі туралы жаңа зерттеулер" атты халықаралық семинар-практикумды жүзеге асыратындығын жеткізді. Бұл халықаралық семинар-практикумға түркі тілдес елдердің ғалымдарының қатысатындығын мәлім етті.
Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Рыза Каған Йылмаз өз сөзінде Қазақстан және Түркия секілді екі бауырлас елдер арасында білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, институттың бұл саладағы қажырлы еңбегін одан әрі дамыта беретіндігіне сенімі мол екендігін атап өтті.