Профессор Сөнмез Кутлу үш түрлі діндарлықтың тарихта пайда болуы, олардың арасындағы өзара бәсекенің тарихы және Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі жағдайы туралы ақпар берді. Ислам түсінігінде араб, парсы және түрік элементтері бар екенін және әркім мұны әрқалай түсініп, әрқалай қолданып жүргенін айтып, осы үш ұғымның түбірі бір, бірақ әдістемелік көзқарастың әрқилы екенін атап өтті. Түріктердің ислам түсінігі сырттан кірме көзқарастардан емес, өз мәдениеттеріне сәйкестендіріп, өз арасында қалыптастырды деген пікір білдірді. Үш түрлі діндарлық арасында әдістемелік өзгешеліктердің болуы және оның қоғамдағы мәселелерде шешімін табуға қалай үлес қосатыны жөнінде егжей-тегжейлі ақпар берді.
Арабтардың түрлі мәселелерді шешуде қауымдық мәдениет қалыптастырған және осы әдістің қандай да бір мәселені күш қолдану арқылы шешуге ұмтылатынына тоқталды. Осы орайда Құран Кәрімнің және уахилердің күш қолдану арқылы мәселе шешуге қарсылық білдіргендерін атап өтіп, оның орнына өркениет, мәдениет және ақыл қолдана отырып шешу жолдарын іздестіру керектігін айтты. Иран мәдениетінде болса рухани немесе харизматикалық көшбасшылар арқылы мәселелерді шешуге тырысатындары, осылайша таңдаулы және санаулы тұлғалардың мәселені шешуші ретінде қабылданғанын айтты. Түрік діндарлығында болса түріктердің тарих бойы жинақталған мәдени естеліктеріне сүйене отырып мәселелерді шешкен деген пікірін білдірді. Исламның үш қырының сенім, ғибадат және адамгершілік екенін баса айтып түрік діндарлығының негізінде адамгершілік жатқанын, Ахмет Ясауидің ислам адамгершілігі түсінігін имам Матуридидің ақылшыларымен бірге көшпенді халыққа қарапайым тілмен жеткізгендерін де айтып өтті.
Сондай-ақ семинар барысында, Кеңес одағының ыдырауынан кейін Орталық Азияда араб діндарлығы сәләфилік пен иран діндарлығы шианың (шииліктің) жайыла бастағаны туралы сөз қозғады. Бұларға қосымша Ханафи мен Матуридиліктің Орталық Азиядан шығып Анадолыға жеткенін және кеңес дәуірінен кейінгі кезеңде түрлі сипатта қайта оралғанын атап өтіп, басқа екі түрдің бұдан бұрын бұл аймақта болмағанына тоқталды.
Мысал ретінде Шымкентте Иран тәжірибесі жүзеге аспағандықтан кері қайтқандарын және жастар арасында сәлафи ағымының кеңінен тарай бастауынан кейін араб дінтану факультетінің жабылғанын, бірақ бұл ағымның жасырын түрде ықпалын кеңейтуге байланысты қызметтерін жалғастырып жатқандығын атап өтті. Осы орайда Түркияның ғылыми дін білімінің осы аймақтарға келуі және ғылыми мен тарихи білімі бар кісілердің жетілуімен осы аймақта түрік діндарлығы ең тиімді баламалардың бірі екендігіне тоқталды. Алайда, Ханафи, Матуриди және Ясауи туралы ілімдердің мифология күйінде қалуы, Ханафилік, Матуридилік және Ясауи ілімінің күшін әлсіретіп жібергенін, осы орайда Ханафи, Матуриди және Ясауи ілімдерін қайта қауыштыру қажеттігін, оны аймақ халқының өздері жасаулары керек деген көзқарасын білдірді.
Семинар соңы пікірталасқа ұласып, қатысушылар тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдірді.