Данияр Нұрбаев «Қазақстан банк жүйесінің қазіргі жағдайы» атты семинарында жалпы банктердің алдында тұрған мәселелер, 2008 жылы банк секторында болған дағдарыс себептері және банк жүйесінің ағымдағы жағдайын талқылады. Қазақстан банктерінің қызметінде тап болған ең маңызды мәселелер ретінде өтімділіктің жетіспеушілігі мен әрекетсіз несиелер қарқынының жоғары болғанын атап көрсетті. 2000-жылдардың басында банк секторының өте тез дамығанына назар аудара отырып, Қазақстан банк жүйесінің Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан жүйе екенін атап өтті. Банк жүйесінің мұнай, металл және астық бағаларының артуына және халықаралық ұйымдардың төмен пайыздармен несие беруіне байланысты тез дамығанын, бірақ бұл даму үдерісінде банктердің өте көп несие беруі, әлемдік қаржы дағдарысы және мұнай бағасының төмендеуі дамуды тоқырауға ұшыратқанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда бұл қарқындылықтың айтарлықтай бәсеңдегенін айта келе, 2008 жылға дейін банк секторының дамуына БТА Банкі, Темірбанк және Альянс Банктің банкротқа ұшырауының елеулі әсері болғанын айтты. Банк секторындағы мүшкіл жағдайға мемлекеттің 2009 жылы осы үш банкті сатып алып біріктіргенін және бұл банктерді кейінірек басқа банктердің сатып алғанын мәлімдеді. 2014 жылы Казкоммерцбанктің БТА Банкін, ал 2015 жылы Forte банктің Темірбанк және Альянс Банкті сатып алу арқылы олардың біріктірілгені жөнінде айтты.
Семинар жалғасында 2007 жылға дейін несие беруде теңге және шетелдік валюта бағамдарының бірдей болғанын, бірақ 2007 жылдан кейін несие беруде шетел валюталары бағамдарының елеулі түрде артқанын атап өтті. Себебі банктер халықаралық ұйымдардан несиелерді доллармен алғандықтан, болашақтағы ықтимал девальвациялар әсер етпеуі үшін несиелерді доллармен бере бастады. Алайда, бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің доллармен несие беруге шектеу жасағанын мәлімдеді. Әрекеттегі несиелердің әлемдік орташа көрсеткіштері шамамен 5-10% болғанын айта келе, бұл арақатынастың Қазақстанда 2012 жылы 30% болғанын, ал 2015 жылдың ортасында 10%-ға төмендегенін айтты. Бұл төмендеу үрдісі Ұлттық Банктің банктердің әрекеттегі несиелер арақатынасының 10%-дан артық болуына тыйым салуынан кейін Казкоммерцбанктің БТА Банкіне тиісті 2 трлн. теңгеге жуық әрекеттегі несиелерді біржола тоқтатуы және дәл сол сияқты Forte банктің де Темірбанк және Альянс банкке тиісті әрекеттегі несиелердің үлкен бөлігін біржола тоқтатуына байланысты туындады деп түсіндірді.
Депозит шоттарында соңғы бірнеше жылда теңгеден шетелдік валюта бағамына көшу үрдісі байқалады. Бұның себептері арасында Қазақстан Ұлттық Банкінің банктердің теңгеге 10%-дан артық пайыз беруіне тыйым салуын және теңгенің шамамен 35%-ға девальвацияға ұшырауы туралы сараптамалардың әсерлі болуын ерекше атап көрсетті. Ұлттық Банктің теңгеге берілген пайыздық арақатынасын 15%-ға арттыруымен қатар 2016 жылдың наурыз айынан бастап депозит шоттарында қайтадан теңге арақатынасының арта бастағанын мәлімдеді.
Семинар соңында қатысушылар пайыздық мөлшерлемелер және банк жүйесі мәселелері бойынша пікір алмасты.