Доцент, доктор Невзат Шимшек «Түркия және Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар: саяси немесе экономикалық» атты семинарында жалпы Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда өнеркәсіптік талдау, сауда, туризм және инвестиция салаларындағы өзгерістер мен екі ел арасындағы ортақ жобалар туралы ақпаратты ұсынды. Түркия мен Ресейдің өткен тарихта да, бүгінгі күні де сыртқы саясаттағы екі түрлі көзқарастарына қарамастан, Түркия мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынастары қандай салаларда және не үшін дамып жатыр деген сұрақтарға жауап іздеген баяндамасында Невзат Шимшек әсіресе КСРО-дан кейін Түркия мен Ресей арасында сауда, туризм және инвестиция салаларында арта түскен экономикалық қатынастардың екі елдің сыртқы саясаттағы екі түрлі көзқарастарының күн тәртібінен алынуына себеп болғанын айтты.
Алып-сатарлық саудадан бөлек Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы, «Көгілдір ағын» аяқталған газ құбыры жобасы, «Аккую» атом электр станциясы сияқты жалғасып жатқан ортақ жобалардың екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтергенін айтып, 2006 жылы Стратегиялық әріптестік кезеңіне өткенін, ал 2010 жылы Түркия-Ресей Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі құрылып, осы шеңберде шешімдер қабылдана бастағанын баяндаған Шимшек екі ел арасындағы сауда теңгерімінің әсіресе мұнай-газға байланысты Ресейдің пайдасына жақсарғанын сандар келтіріп түсіндірді.
Бірақ сауда қатынастарына мұндай көзқараспен қарау толық көріністі бере алмайтынына назар аударған Шимшек егжей-тегжейлі өнеркәсіптік сараптама жасау арқылы екі елдің саудадан тапқан пайдаларының деңгейі туралы түсініктеме беру қажеттігін атап өтті. Егжей-тегжейлі зерттеу нәтижесінде екі елдің сауда құрылымдарының бір-бірін толықтырғанын айтып, осыған байланысты бұл екі елдің бір-бірімен саудадан пайда тапқандарын, сыртқы саясатта екі түрлі позицияға қарамастан, сауда қарым-қатынастарының 1992 жылдан бері үздіксіз артып жатқанын мәлімдеді және экономиканың саясатқа бағыт-бағдар беретіні жайлы айтып, сөзін аяқтады.
Семинар соңында қатысушылар Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастар мен жобалар туралы пікір алмасты.