Сапар барысында Касапоғлу мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғимараты мен кітапханасын аралап, институт қызметкерлерімен танысты. Институт директоры, доцент, доктор Вакур Сумер Касапоғлу мырзаға және оның делегациясына институт қызметі туралы таныстырып, болашақта жоспарланған жақын және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы баяндады.
Баяндама кезінде Вакур Сумер мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының 2008 жылдан бастап дайындалып келе жатқан және бүкіл әлемдегі барлық зерттеу ұйымдарын түрлі критерийлерге сәйкес бағалап келген Жаһандық аналитикалық зерттеу ұйымының базасына енгендігін хабарлады. Ұйымның 2019 жылғы базасында 8000-нан астам зерттеу орталықтары сарапталып, тек қана ең сапалылары базаға ене алғандығын және әлемдегі зерттеу ұйымдарының орташа есеппен алғанда 98%-ы базаға ене алмағандығын атап айтты. Вакур Сумер мырза Институттың сонымен қатар бұл жылы «Әлеуметтік медианы ең үздік қолданған зерттеу ұйымы» және «Интернетті ең үздік қолданған зерттеу ұйымы» тізімдерінде орын алғандығын да баяндады.
Сұхбат кезінде Жастар және спорт министрі министрліктегі әртүрлі саладағы бөлімдер мен институт арасында ынтымақтастықты орнатуға болатынын айтты. Министрлік аясындағы Сыртқы қатынастар департаменті мен Халықаралық ұйымдар бөлімі сияқты көптеген бөлімшелерден мысал келтіре отырып, делегация құрамында болған Мәдениет және туризм министрлігінің Сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Ахмет Али Темуржуны Институт қызметкерлерімен таныстырып, ынтымақтастық орнатуға кеңес берді. Бұдан сырт, Министрліктің академиялық бөлімдермен және жас ұрпақпен қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы іс-шаралары туралы ақпарат берді. Осы бағытта Қазақстанда оқитын Түркиялық жастардың орыс және қазақ тілдерін үйренуі үшін Институт тарапынан қандай жағдайлар жасай алатындығы жайлы талқыланды. Министр Каспароғлу, 2019 жыл Түркияда «Еріктілік жылы» деп жарияланғандығын және осы бағыттағы ағымдағы іс-шараларға қысқаша шолу жасады. Кездесу өзара марапаттаумен аяқталды.