Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Женгізхан Жаналтай Түркияның 2020 жылғы сауда өнімділігін бағалау туралы ақпарат ұсынды. Осы тұрғыда Жаналтай Түркияның соңғы 20 жылдағы сауда көрсеткіштерін көз жүгірткенде экспортта, әсіресе, соңғы 10 жылда жедел үдеу алғанын айта келе, 2015 жылдан кейінгі сауда тапшылығын төмендету жетістіктерінің де болғанын айтты. Түркияның сауда құрылымындағы экспорттық-импорттық өнімге байланысты нәтиже бойынша ең жақсы 20 өнімнің экспорттық үлесіндегі 75%-ды, ал импортында бұл санның шамамен 83%-ды құрағанын баяндады. Сонымен қатар, Түркияның сауда серіктестерін бағалау кезінде (аймақтық құрылым тұрғысынан) алғашқы 10 елдегі жалпы экспорттың 48%-ға және импорттың 49%-ға сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Бұл ақпаратты бере отырып, Түркияның шектеулі санмен көрсетілген елдермен жасалған шектеулі тауарлар санатындағы саудасы екенін білдірді.
2020 жылы сауда өнімділігін бағалауда Түркияның экспорты көбінесе жеміс-жидек пен көкөністер, тоқуға болатын матриалдар, дайын бұйымдар екенін, ең төмен көрсеткіш көрсеткен минералды отындар мен минералды майлар және автокөлік құралдары екенін жеткізді. Сауда мәліметтерінен кейін компаниялар туралы ақпарат берген Жаналтай, олардың арасында 2020 жылы құрылған компаниялардың санының көбеюі және жабылғандардың саныны аздығы назар аударарлық оқиға екенін мәлімдеді. 2019 жылы акционерлік қоғамдар саны 11.447-ден 14.046-ға, ал шектеулі серіктестіктер 72. 641-ден 87.258-ге дейін өскенін баяндады. Дәл осындай тенденция шетелдік капиталы бар компанияларда байқалмағанын, олардың санында; акционерлік қоғамдарда 1.149-дан 1.046-ға, шектеулі серіктестіктерде 11.485-тен 9.136-ға дейін төмендеу болғанын баса айтты.
Екінші жағынан, компаниялардың салалық таралуы мен экспорттық көрсеткіштерінің аймақтық құрылымын қарастырғанда, Стамбулдың 81 миллиард доллармен көшбасшы екенін және құрылған компаниялардың 40%-ы және жабылған компаниялардың 49%-ы Стамбулда екенін мәлімдеді. 2020 жылы бизнесті жүргізу үшін ең көп сұранысқа ие негізгі сала құрылыс екенін және жабылған компаниялардың мейрамхана мен тамақ қызметтері саласында екенін баяндады. Жаналтай, елдегі тікелей инвестициялардың маңыздылығын атап өтіп, Түркияның жетекші сауда серіктестерінің алғашқы бестігіне Германияның ғана кіргенін айтты. Басқа елдердің сәйкесінше Дания, Катар, Испания және Люксембург болғанын, ал ең көп инвестиция салынған сала қаржы және сақтандыру қызметі, ақша делдалдық мекемелерінің (банктердің) қызметі, көтерме және бөлшек сауда және өндіріс салалары екенін мәлімдеді.
Зерттеуші Жаналтай, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 2019 жылдың тамызында жариялаған «Қайтадан Азия» бастамасының Түркияны Батыс елдерінен алшақтамай Азия елдерімен экономикалық байланыстарды дамытуды көздейтінін айтты. Оның айтуынша, COVID-19 салдарынан 2020 жылы қажетті дамуды көрсете алмауына байланысты, бұл бағытта 2021 жылы тағы көптеген қадамдар жасалатыны күтілуде екенін мәлімдеді. Бұл тұрғыда, атап айтқанда Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Қытай, Сингапур және Малайзия туралы айтылып жатқанын, жалпы контексте Түркияның АСЕАН елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды күшейту мақсатында көптеген бастамалар Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен жүзеге асырылғанын баса айтты. Жаналтай болашақ болжау тұрғысынан ақпарат бере отырып, 2020 жылы Түркияның ЖІӨ өсімі 0,5% өсіп, әлемде Қытайдан (2%) кейін ең жақсы көрсеткішке ие болғанын және Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша 2021 және 2022 жылдары 4,5% және 5%, Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша 2021 жылы 6% өсетіні болжанғанын, дамыған елдер үшін 2021 жылы 3%, ал Еуроаймақта 3,6% көрсеткішінен көбірек болғанын баяндады. Жаналтай алдағы бірнеше жылда сауда динамикасы тез қалпына келіп, қайтадан көтеріле бастайтынын мәлімдеді.
Семинар қатысушылардың тақырып бойынша әр түрлі ойларымен және сұрақ-жауаптарымен аяқталды.