Доцент, доктор Вакур Сүмер Орталық Азияның өте кең географияны қамтитындығына және географиялық жағынан алуан түрлі болғандығына байланысты әртүрлі экологиялық қатерлердің болғандығын, Кеңес Одағынан қалған радиоактивті қалдықтар мен шөлейттену, аймақтағы мемлекеттердің тәуелсіздік алған кезде ұлттық мүдделері тудырған және ескермеген трансшекаралық мәселелерге ортақ шешімнің ұсынылмауы және климаттың өзгеруінен туындаған проблемалардың мемлекетке және мемлекетаралық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екенін баяндады. Ресурстарды дұрыс басқара алмау, қоршаған ортаға кері әсер ететін даму моделі, қазба отынына тәуелділік, халықтың тез өсуі, қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралардың болмауы сияқты экономикалық күйреуді жеңуге бағытталған күш-жігер экологиялық проблемалар мен олардың әсерін күшейткенін баса айтып, жеткіліксіз болса да, 2000 жылдан кейін жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялардың салынғанын, бірақ әлі де нақты нәтижелерге қол жеткізілмегенін жеткізді.
Баяндамасының жалғасында Сүмер қатысушылармен келесі мәселелермен бөлісті: Орталық Азияның экологиялық проблемаларын тілге тиек еткен Сүмер, бір кездері әлемдегі төртінші ірі көл болған, Арал теңізі деп те аталатын Арал көлінің, 1960 жылдан 2000 жылдарға дейін мақта өндірісі үшін Кеңес Одағы кезеңінде бақылаусыз пайдалану нәтижесінде 90%-ы құрыды. Арал көлінің құрып кетуімен оның айналасындағы жерлер де құнарсызданып, биоәртүрлілік бұзылып, әсіресе астық өндірісі мен балық қоры экономикалық жағынан азайды. Бұл өзгеріс денсаулық жағдайында қатерлі ісік пен балалар өлімінің көбеюі сияқты көптеген мәселелер тудырды. Бұл келеңсіз жағдайлар аймақ елдерін бас қосуға мәжбүр етті. 2005 жылы Қазақстанның «Көкарал» жобасы аясындағы іс шаралар біраз қалпына келтіргенімен, Оңтүстік Арал азая берді. Ғалымдар Аралды құтқарудың түрлі жолдары болғанын, бірақ өте қымбат болатынын мәлімдейді. Осылардың ішінен Каспий теңізінен су тасымалдау мүмкіндік болып көрінгенімен, Каспий теңізінің өзі жабық теңіз екендігін және мұнай мен газды өндіруден туындаған қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды ескере отырып, бұл нұсқаның әр түрлі тәуекелдер мен проблемаларды тудыратыны анық.
Орталық Азиядағы тағы бір проблема – топырақтың шектен тыс және бейсаналық пайдаланылуымен қатар, шектен тыс мал жаю салдарынан топырақ сапасының төмендеуінен аймақта эрозия мен ормандардың жойылуынан азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қатер болып табылады. Топырақтың сапасыздығы салдарынан азық-түлік шығынының 6 миллиард доллар, мал шаруашылығы өнімдерінің шығынының 4,6 миллиард доллар, эрозия мен шөлейттену салдарынан туындаған шығынның 0,8 миллиард доллар, ормандардың жойылуына байланысты шығынның 300 миллион доллар және ауылшаруашылық жерлерінің ауыл тұрғындарына әкелген шығыны 100 миллион доллар болғаны ғылыми зерттеулерде анықталды. Егістік алқаптарының 50%-ы тиімсіз суару салдарынан тұздану проблемасына тап болды. Осы себепті Орталық Азия елдері жиналып, осындай трансшекаралық проблемалар үшін қажетті шараларды қабылдауы керек. Осы тұрғыда фермерлерді оқыту және ішкі көші-қонды басқару сияқты мәселелерді қолға алуға болады. Ауылшаруашылық мен мал шаруашылығының өнімділігінің төмендеуі, климаттың өзгеруі сияқты радиоактивті қалдықтардың қоршаған ортаға әсері және зиянды металдар мен уранның жануарлар мен адамдарға қауіптілігі де шешуді қажет ететін маңызды проблемалар болып табылады.
Энергетикалық ресурстарға өте бай аймақ елдерінің су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі сияқты салаларда көбірек ынтымақтастық орнатып, жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салулары қажет. Алайда, аймақтағы кейбір елдерде экономикалық мәселелерге және басқа да себептерге байланысты қазба байлықтарына тәуелділік жалғасуда. Алайда, жаңартылатын энергия көздері бойынша аймақ өте қолайлы географияда қаныстанған. Атап айтқанда, жел энергетикасы қолмен өндірілетін электр энергиясын аймақ қажеттіліктерін қанағаттандырудан тыс, экспорттауға да мүмкіндігі бар.