2021 жылы 16 сәуірде өткен «Кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми қатынастары: Әлкей Марғұлан, Орхан Шайк Гөкяй, Емель Есин, Тұнгер Байкара» атты панелге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар, Мимар Синан көркемөнер университеті AVRASKA орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Әбдіуақап Қара, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Тұрсын Жұртбай, Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат, Мармара университетінің Өнер және ғылым факультеті Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінен доктор Нұрсет Гедик және Әлкей Марғұланның қызы м.ғ.д. Данель Алкеева қатысты.
Панелдің модераторығын Ахмет Ясауи университеті Түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі профессор, доктор Бүлент Байрам жүргізді. Панелге қатысқан Қазақстан мен Түркияданың білікті ғалымдары кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми байланыстарын кеңінен талқылады, атап айтқанда Әлкей Марғұлан, Орхан Шайк Гөкяй, Емел Есин және Түнжер Байкараның Түркі әлеміне қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар ашылу сөзінде университеттің басты мақсаты мен миссиясы түрік әлемінде білім мен ғылымның дамуына үлес қосу екенін атап көрсетіп, бұл түрғыда осындай ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру мен Түркі әлемінің зиялы қауымын насихаттаудың маңызы өте зор екенін мәлімдеді. Осы тұрғыда ол кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми байланыстарының мысалдары болып табылатын Әлкей Марғұлан, Орхан Шайк Гөкяй, Емел Есин және Тұнжер Байкара сияқты ғалымдар арасындағы қарым-қатынастар зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.
Мимар Синан көркемөнер университеті AVRASKA орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Әбдіуақап Қара, Кеңес Одағын құртқан күштің қару емес, ұлттық рух екеніне тоқталып, сол дәуірдегі барлық шектеулер мен бақылауға қарамастан, Әлкей Марғұлан сияқты қазақ зиялылары сол кезеңдегі түрік зиялыларымен хат жазысу арқылы қарым-қатынастарын сақтағанын әңгімеледі. Түркі халықтарының зиялыларының бір-бірін қолдауы мен тығыз қарым-қатынасының әрдайым жалғасқанын атап көрсеткен профессор, т.ғ.д. Әбдіуақап Қара кеңестік кезеңде қазақ-түрік ғылыми байланыстары түркі әлеміндегі бауырластық қатынастардың үлгісі болғанын мәлімдеді. Профессор, т.ғ.д. Әбдіуақап Қара Әлкей Марғұланның шығармалары тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл Түркі халқы үшін ортақ қазына екенін атап өтті.
Панельдің екінші баяндамасын жасаған Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Тұрсын Жұртбай, COVID-19 салдарынан үлкен қиындықтарды бастан өткеріп жатқанына қарамастан, бүкіл түрік әлемі, әсіресе Түркия мен Қазақстан қарқынды ынтымақтастықта болғанын мәлімдеді және осындай жағдайда мәдени құндылықтарымыз бен рухани тұлғаларымызды жақсы білуіміз керектігін тілге тиек етті. Осы тұрғыда ол кеңестік кезеңдегі қазақ-түрік ғылыми байланыстарын зерттеудің маңыздылығын атап көрсетті.
Панелдің үшінші баяндамашысы, Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат Түркі әлемінің ортақ тұлғалары болып табылатын Әлкей Марғұлан, Орхан Шайқ Гөкяй, Емел Есин және Тұнжер Байкара сияқты зиялы қауым өкілдерін таныстыруға қолдау көрсеткен Ахмет Ясауи университетіне ризашылығын білдіріп, барлық қатысушыларға алғысын айтты. Профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат хаттардың тек байланыс құралы ғана емес, 20 ғасырдағы адамдардың өміріндегі мәдени үлгі екендігіне сілтеме жасай отырып, хаттар сол кезеңдегі тарихи үдерістер туралы маңызды ақпарат бере алатынын және әлеуметтік-мәдени ортада маңызды рөл атқарғанын мәлімдеді. Қазақстан мен Түркия архивтерінен Әлкей Марғұланның көптеген маңызды хаттары табылғанын айта отырып, профессор, т.ғ.д. Данагүл Махат оның түркі әлемінің ғалымдарымен жазысқан хаттарының маңыздылығы өте жоғары екенін және мұны тереңірек зерттеу керек екенін тілге тиек етті.
Төртінші баяндамашы ретінде өзінің баяндамасын видео жазба арқылы бөліскен тарихшы, жазушы Тұнжер Байкара кезінде қазақ мәдениеті, тарихы, әдебиеті және археология туралы ғылыми зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосқан энциклопедист Әлкей Марғұланмен қалай қарым-қатынас орнатып, хат жазысқандығы туралы естеліктерімен бөлісті.
Мармара университетінің Өнер және ғылым факультеті Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің оқытушысы, доктор Нурсет Гедик панелдің бесінші баяндамасын жасап, Түркі әлемінің зиялы қауымының бауырластық пен ғылыми байланыстарды жалғастыру туралы терең түсіністікте болғанын мәлімдеді. Осы тұрғыда Орхан Шайк Гөкайдың өмірбаяны туралы біраз ақпарат беріп, оның жеке ерекшеліктеріне тоқталды. Орхан Шайк Гөкяйдың әдебиет саласында ақын болудан гөрі, сыншылдығымен және зерттеушілігімен ерекшеленетін жазушы екенін айтқан доктор Нұрсет Гедик ақынның Түркі әлеміндегі зиялы қауыммен байланысының негізін қалаған хаттарынан мысалдар келтірді.
Панелдің алтыншы баяндамашысы ретінде Әлкей Марғұланның қызы, м.ғ.д. Данель Алкеева әкесінің өмір бойы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқанын әңгімеледі. Әлкей Марғұланның Түркі әлеміндегі ғалымдармен білгенін бөліскен, қолдан келгенше көмектескен, қойылған сұрақтарға жауап беру үшін ұзақ хат жазудан ерінбеген және ұстаздық өмірінде мыңдаған шәкірттерге білім берген ғалым екенін айтқан м.ғ.д. Данель Әлкеева Әлкей Марғұланның ғылыми зерттеулерін басқа Түркі тілдеріне, әсіресе түрік тіліне аударудың маңыздылығын атап өтті.
Панельдің соңында қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер панелде маңызды тақырып талқыланғанын айта отырып, барлық қатысушыларға және панелдің ұйымдастырылуына үлес қосқан ғылыми қызметкерлерге алғысын білдірді.