Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің модераторлығымен өткен онлайн талқыда MEF университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы доктор, профессор Айшегүл Кибароғлу, Ыстамбұл университеті Жеррахпаша Орман факультетінің оқытушысы доктор, профессор Доғанай Толунай, Анкара университеті Тіл және тарих-география факультеті География бөлімінің оқытушысы және сонымен қатар Түркия Қоршаған ортаны қорғау қоры Өкілетті Кеңесінің мүшесі доктор, профессор Хакан Йигитбашыоғлу, Уфук университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі доктор, профессор Санжар Имер және Анкара университеті Су басқару институтының директоры доцент, доктор Гөкшен Чапар баяндама жасады.
«Ғаламдық су саясатының эволюциясы және оның табиғатқа әсері» деп аталатын баяндамасында профессор Айшегүл Кибароғлу бүкіл әлемде су саясаты қалай дамығанына және олардың табиғатқа қалай әсер еткеніне тоқталды. Кибароғлу өз сөзінде, «қатысу», «кеңесу» және «демократиялық саяси институттандыру» негізінде, тұтынушылар мен су ресурстарын басқарушылар арасындағы мүдделер қақтығысына делдал бола алатын тәсілдерді қамтитын «Су ресурстарын кешенді басқару» парадигмасын соңғы уақыттарда саясаттанушылар көбірек мойындап жүргенін мәлімдеді.
Професср Доғанай Толунай «Климат өзгеруі және табиғаттың өзара әрекеттесуі» атты баяндамасында аталмыш талқының ұйымдастырылуына атсалысқан барлық мекемеге алғысын білдіріп, климат өзгерісі және қоршаған орта мәселелері қазіргі таңда әлемдік деңгейде қызу талқыланатын тақырыптардың бірі екенін айтып өтті. Осы орайда ол, климат, қоршаған орта және су мәселелеріне тек қана антропоцентристік көзқарастың да өзгеру керектігін, табиғаттың бір бөлігі ретінде туындауы мүмкін кез-кедген проблеманың адамға тікелей қатысты болатынын да естен шығармау керектігі жөнінде сөз қозғады.
«Түркиядағы сулы-батпақты жерлер және экологиялық проблемалар» деп аталатын
Баяндамасында профессор Хакан Йигитбашыоғлу Түркиядағы сулы-батпақты жерлердің жиі кездесетін экологиялық проблемаларына тоқталып, әсіресе пестицидтермен ластануын, ағысымен ағатын судың азаюы (көгілдік туннель), шағын мүйістердегі тұздың артуы және өрттік экологиялық тепе-теңдікке қатысты кері әсерлерін ерекше атап өтті.
Доктор, профессор Санжар Имер, «Түркияның су және энергетикалық ресурстарын қолдану шектері» атты баяндамасында Түркияның белгілі өлшемдерге сүйене отырып, қысқа, орта және ұзақ мерзімді проекциялар құрастыру керектігін айтты. Аймақтар мем мемлекеттерді негізге ала отырып негізгі мәліметтермен бөліскен доктор, профессор Санжар Имер, жер шарындағы су ресурстарының шектеулі екеніне, адам басына шаққанда су мөлшері бойынша Түркияның су қысымын көріп келе жатқан мемлекет екеніне тоқталып, суды басқару мен дамытудың арасында баламалы және балансқа негізделген жоспарлауға мұқтаждық бар екенін ерекше атап өтті.
«Тұрақты басқару және суды басқару үшін ұсыныстар» атты баяндамасында доцент, доктор Гөкшен Чапар, су ресурстарына қысым түсіретін күштердің – халық санының өсуі, климаттың өзгеруі, ауылшаруашылық өндірісі, өнеркәсіп, энергиямен жабдықтау, тұрмыстық мақсатта суды пайдалану, урбанизация және туризм екендігімен бөлісті. Сондай-ақ, доцент, доктор Чапар, салалық пайдалану тұрғысынан судың көбінесе ауылшаруашылық саласында, екіншіден өнеркәсіп саласында және ең соңынан тұрмыстық мақсатта пайдаланылатынын мәлімдеді.
Ғылыми талқының соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты өзара пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер қорытынды сөзінде аталмыш жиында керемет бір тақырыптың талқыға түскенін атап өтіп, барлық қатысушыларға және еңбегі сіңген барша жанға алғысын білдірді.