Институт директоры, доктор Суат Бейлурдың ашылу сөзімен басталған алқалы отырыста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы, Өзбекстан Республикасы Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Әзірбайжан Республикасының Алматы қаласындағы консулы Анар Хусейнзаде, Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Гүлзат Абдурасулова және Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйледі.
Кітапқа қол қою және сыйлықтар табыстау рәсімінен кейін Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты Мамай Ахетов ғылыми сессияда модератор болып, қонақтарға сөз берді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.к. Сәуле Ержанова «Мұхтар Шахановтың өлеңдерін зерттеудегі жаңа әдістер», доцент, ф.ғ.д. Салтанат Айбергенова «Мұхтар Шахановтың ақын ретінде қалыптасу кезеңдері және оның әдеби ортасы», «Жалын» журналының редакторы, ақын Құдияр Біләл «Мұхтар Шахановтың ақындық көзқарасы», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен Әлібек Байбол «Мұхтар Шаханов өлеңдерінің поэтикасы» және Қазақ музыканттар одағының мүшесі Қалдыбек Құрманәлі «Мұхтар Шахановтың өлеңдері» атты баяндама жасады.