Доктор Жандос Ранов семинарында алдымен сақтандыру және қатер ұғымдары туралы жалпы түсінік беріп өтті. Көптеген дамыған елдерде сақтандыру секторы экономиканың маңызды стратегиялық секторларының бірі екенін айта келе, Ранов сақтандыру компанияларының қаржылық күші бұл компанияларды күшті қаржылық несие институттарына айналдырғанын айтты. Доктор Жандос Ранов әрбір елде сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларының полистерін сатудан түскен қаражаттан нақты сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізінде есептелетінін түсіндіріп, осы мәселеге қатысты халықаралық тәжірибемен бөлісті.
Сондай-ақ, доктор Жандос Ранов Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасу және даму тарихына тоқталды. Қазақстанның сақтандыру нарығы құрылу барысында кенеттен құлдырауды бастан кешіргенін атап өткен доктор Жандос Ранов мұның маңызды себептерін түсіндірді. Бұл сала, әдетте, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды емес деп саналғандықтан, мемлекет те Қазақстандағы сақтандыру саласына жеткілікті көңіл бөлмейтінін мәлімдеді. Нәтижесінде ол сақтандыру нарығы көптеген жылдар бойы тұралап келе жатқанын атап өтті.
Баяндамасын жалғастыра отырып, доктор Жандос Ранов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтерімен және Қазақстанның жетекші сақтандыру компаниялары туралы толық ақпаратпен бөлісті. 2025 жылға дейін сақтандыру саласын дамытудың жол картасы әзірленгенін атап өтіп, бұл жол картасы саланың тез және сапалы дамуына ықпал ететінін және тұтынушылардың сақтандыруға деген қызығушылығын арттыра түсетінін баса айтты.
Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тақырып бойынша пікір алмасты.