2021 жылдың 5 сәуірінде ғылым күніне орай ұйымдастырылған «5-12 сәуір ғылым апталығы» атты іс-шараның ашылу салтанатын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры, профессор, доктор Қ.М. Беркімбаев өткізді.
Ашылу салтанатында алғашқы сөз сөйлеген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор, доктор Жанар Темірбекова «Ғылым күні» қарсаңында өткізілген бұл іс-шараның университет пен ғылым үшін маңызы зор екенін мәлімдеді. Университеттің басты мақсаты мен миссиясының Түркі әлеміндегі білім мен ғылымның дамуына үлес қосу екенін айта отырып, халықаралық мәртебеге ие университеттің негізгі міндетінің Қазақстан мен Түркияға, сондай-ақ, бүкіл Түркі әлеміне қызмет ететін жоғары білікті, отансүйгіш және заманауи мамандарды тәрбиелеу екенін жеткізді. Осы бағытта университеттің тәуелсіз Қазақстанның болашағын айқындайтын және оның мәңгілік құндылықтарын дәріптейтін білім орталығы екенін атап өтті.
Ашылу салтанатынын келесі сөзін Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар жасады. Профессор, доктор Женгиз Томар университеттің өзінің атына лайық білім мен ғылым орталығы екенін айта отырып, «Ахмет Ясауи» атының қасиетті екенін, сондықтан университеттің заманауи оқу орны болуымен қатар, Ахмет Ясауидың мұрасын сақтау арқылы маңызды миссиясының болғандығына тоқталды.
Үшінші болып сөз алған Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер ғылым күніне орай өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ғылымға үлес қосқан университеттің барлық қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сөзінің жалғасында доцент, доктор Вакур Сүмер Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері мен қазіргі қызметі туралы ақпараттық баяндама жасады. Университеттің миссиясы мен көзқарасына сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың ғылым саласында жақсаруына ықпал ету мақсатында жалпы Еуразия аймағына, атап айтқанда Орталық Азия мен Қазақстанға арналған экономика, қаржы, энергетика, халықаралық қатынастар, тіл, тарих және әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылатынын және зерттеулердің ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерінде жариялануы арқылы кең аудиторияға жеткізілетінін мәлімдеді. Болашақ зерттеулердің университет әкімшілігінің қолдауы және үлесімен одан әрі жалғасатынын айтты.
Доцент, доктор Вакур Сүмер, Еуразия ғылыми-зерттеу институты құрылған 2014 жылдың тамыз айынан бастап жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес білікті жұмыстарды қолға алу арқылы аз уақыттың ішінде академиялық ортада таныла бастағанын айта келе, осы тұрғыдан алғанда, «Халықаралық экономика, қаржы және энергетикалық конгресс» (EFE) атты іс-шараның иституттың маңызды брендтік іс-шараларының бірі болып табылатынын, конгреске 100-ге жуық маман, сондай-ақ, әлемге әйгілі 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты профессор, доктор Азиз Санжар сияқты ғылыми әлемнің маңызды адамдарының қатысуы аймақтық зерттеулерге де, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының академиялық қызметіне де қызығушылықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.
Интститутта өткен Халықаралық Матуридизм симпозиумы (2015), Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы атты халықаралық Ясауи семинары (2016), профессор доктор Илбер Ортайлының берген «Түркі әлемі мен түркітанудың өзекті мәселелері» конференциясы (2018), Халықаралық түрікше тарихи мәтінтану симпозиумы (2019) сияқты ортақ тарихымызды көрсететін шаралар туралы баяндаған доцент доктор Вакур Сүмер, бұлардан басқа институттың «Абай және түркі әлемі», «Азия-Тынық мұхиты еркін сауда келісімі және оның ғаламдық жүйеге көп өлшемді әсері», «COVID-19 әсері бойынша жаңа жаһандық экологиялық-саяси күн тәртібі» және «Аймақтық деңгейдегі Қазақстан-Түркия қатынастары» сияқты көптеген өзекті мәселелермен бірге панельдер, конференциялар мен семинарлар өткізгенін жеткізді.
Сессияда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Жармұхамед Зардыхан, ғылыми қызметкер PhD Альбина Муратбекова, аға ғылыми қызметкер Өмірбек Қанай «Ғылыми зерттеулердегі жаңа қажеттіліктер мен тенденциялар: Еуразия ғылыми-зерттеу институтының тәжірибесі» атты тақырыпта өз баяндамаларын жасады. PhD Жармұхамед Зардыхан институттың халықаралық ұйымдардың назарын аударып, әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтар деңгейіне көтеріліп, беделінің күн сайын артып келе жатқанына тоқталса, PhD Мұратбекова, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық орталықтардың жобалық өтінімдерде нелерді ескеру керек екенін өзінің тәжірибесі бойынша баяндаса, аға ғылыми қызметкер Қанай институттағы жобалық зерттеулер мен жобалық үдерістердегі тәжірибесі туралы әңгімеледі.