2021 жылы 4 наурызда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Гази университеті және Түркияның Энергетика стратегиясы және саясатын зерттеу орталығы (TESPAM) бірлесіп ұйымдастырылған «Климат және энергетика форумы 2021» онлайн режимінде өткізілді.
«Климат және энергетика», «Климаттың өзгерісіне қарсы халықаралық күрес, қаржыландыру және технология», «Климаттың өзгеруі туралы түсінік және оның әлеуметтік аспектілері», «Климат және су қауіпсіздігі», «Климаттың өзгеруі, мұздықтар, пандемия және жаңа биологиялық тәуекелдер» және «Климат өзгерісі: топырақ, азық-түлік, ауа және орман қауіпсіздігі» сияқты 6 сессияда 22 қатысушы баяндама жасаған форумда TESPAM төрағасы Огузхан Акыенер, Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Муса Йылдыз және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшектің ашылу сөздерімен басталды.
Бірінші болып сөз сөйлеген TESPAM төрағасы Огузхан Акиенер ғаламдық жылыну және климаттың өзгеруі әр адам сезіне бастаған маңызды проблемалардың біріне айналғанын, күн сайын кездесетін және қалыпты жағдай болып көрінетін апаттар мен олардың салдары қауіпсіздік қтері ретінде адамзатқа қауіп төндіріп отырғанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, климаттың өзгеруіне байланысты СО2 шығарындыларын азайту мақсатында жаңа халықаралық кездесулер өткізіледі, осыған байланысты парниктік газ шығарындыларына қатысты саясат тұрғысынан көп қысым жасайтын механизмдер жасалатын болады. Ол үшін климаттың өзгеруі және алдын-алу саясатын жасау жөніндегі зерттеулердің маңызы артып келеді. Осыған байланысты TESPAM климаттың өзгеруін қамтыған көптеген халықаралық зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми әдебиетке жаңа идеялар ұсынуда. Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты және Гази университетімен бірге ұйымдастырылған «Климат және энергетика форум 2021» шарасы осы саладағы зерттеулерге үлкен үлес қосады деп үміттенеміз.
Екінші болып ашылу сөзін сөйлеген Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Муса Йылдыз заманымызда бүкіл әлем алдында тұрған ең үлкен проблемалардың бірі – климаттың өзгеруі екенін мәлімдеді. Профессор, доктор Муса Йылдыз сөзінің жалғасында адамның әсерінен, әсіресе, қазба отындарының шамадан тыс көп қолданылуы әлемнің климаттық құрылымына орыны толмас зиян келтіріп отырғанын баса айтты. Ағымдағы өндіріс әдістері мен күнделікті өмір тәжірибесі энергияны көп тұтынуды қажет ететін бүгінгі таңда, энергияны өндіру және пайдалану тәсілі тұрақты еместігіне тоқталған профессор, доктор Муса Йылдыз, бүкіл адамзат үшін маңызды екі мәселе аясында климат пен энергетика мәселелерін талқылау және ғылыми әдебиетке өзіндік үлес қосу мақсатында өткізілген форумды ұйымдастыруға үлес қосқандардың барлығына ризашылығын білдіре отырып өз сөзін аяқтады.
Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек XXI ғасырда бүкіл адамзат дүп келген ең маңызды проблема – жаһандық климаттың өзгеруі болатынын және энергия мәселесі климат өзгерісінің басты тақырыбы екенін баса айтты. 2020 жылы болған пандемиялық үдерістің адам мен қоршаған орта қатынастарын қайта қарау уақыты келгенін айқын көрсететіндігін атап өткен профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, қазіргі кезде, әсіресе Қазақстан мен Түркиядағы және түрік әлемінің энергетикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктері туралы айта отырып, климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық келіссөздерде ортақ ұстаным көрсетудің маңызды болып отырғанын тілге тиек етті. Осы бағытта Ахмет Ясауи университеті Гази университетімен және TESPAM-мен ынтымақтаса отырып ұйымдастырған бұл форумның климат пен энергетика мәселелеріне көбірек назар аударуды, мәселенің барлық маңызды аспектілерін ғылыми деңгейде талқылауды және шешім қабылдаушыларға ғылыми ұсыныс беруді мақсат ететіндігіне тоқталған профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, форум климаттың өзгеруі мен энергетикалық мәселелерге деген академиялық қызығушылықты арттырып қана қоймай, сонымен бірге жалпы халықтың хабардар болуына ықпал етуін тіледі.
Форумның ашылу сөзінен кейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің модераторылығындағы «Климат және энергетика» атты бірінші сессиясы басталды.
Доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріпсе сөзінен кейін сөз алған Қарадениз техникалық университетінің профессоры және Қорғаныс өнеркәсібі министірлігінің кеңесшісі профессор, доктор Угур Чевик «Ғаламдық жылыну» атты баяндама жасады. Өз баяндамасында профессор, доктор Угур Чевик ғалымдар арасында парниктік газдың ғаламдық жылынудың себебі екендігі туралы екі түрлі пікір бар екенін мәлімдеді. Профессор, доктор Угур Чевик парниктік газ ғаламдық жылынудың негізгі себебі болып табылатындығын мәлімдей отырып, атмосферада парниктік газдың көбеюіне жол бермеудің ең қолайлы әдісі – сәйкес келетін энергия көзін таңдау екенін атап өтті. Дегенмен, қазба отынның әлемдік энергия тұтынуда ең негізгі орында екенін, сондай-ақ, күн, жел және су энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздері жеткілікті түрде қолданылмайтындығын тілге тиек еткен профессор, доктор Угур Чевик, жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне жол бермеу үшін ядролық энергияны және жаңартылатын энергия көздерін қолданудың түпкілікті шешім екенін баса айтты.
Сессияның екінші баяндамасын жасаған TESPAM төрағасы Огузхан Акыенер «Климаттың өзгеруі және энергетика» деп аталатын баяндамасында жалпы климаттың өзгеруіне қарсы күрес әдістерін және көміртегі шығарындыларының нөлдік саясатына шолу жасай отырып, өздері жүргізген зерттеу жұмыстары туралы әңгімеледі. Көптеген елдер үшін көміртегі шығарындыларын нөлге дейін төмендету мақсаттары сәйкес келмейтіндігін түсіндірген Огузхан Акыенер, әсіресе, дамыған елдер көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейінде жетекші рөл атқаруы керек деп мәлімдеді. Климат пен энергия арасындағы байланыс тұрғысынан климаттың өзгеруіне шешім болатын энергияның өлшеміне сілтеме жасай отырып, Огузхан Акинер алдағы уақытта ядролық энергияның маңызы арта түсуі мүмкін екенін де атап өтті.
Форумның «Климаттың өзгерісіне қарсы халықаралық күрес, қаржыландыру және технология» тақырыбындағы 2 сессиясын TESPAM-ның “Energy Policy Turkey” журналының редакторы Месут Кара жүргізді.
Сессияның алғашқы баяндамашысы Ыстанбұл Айдын университетінің профессоры Седат Айбар, климаттың өзгеруі мәселесі соңғы уақытта күн тәртібіндегі ең маңызды мәселенің бірі екендігіне назар аударды. Әсіресе, COVID-19 індетімен күрес кезеңінде мемлекеттердің ақша саясаты мен қаржы саласы айтарлықтай зардап шеккенін тілге тиек еткен профессор Седат Айбар, қаржыландыру және қаржы саласының өздігінен жеткіліксіз екенін, сол үшін мемлекеттік саясатта тұтас көзқараспен климат өзгерісіне қатысты шешімдер әзірленуі қажет екендігін айтты. Сонымен қатар, Орталық банктің ақша саясатын да климат өзгерісі мәселесін шешуге қатысты саясаттар арасында қарастыру қажет. АҚШ, Бразилия сияқты елдердің қаржы саласында орын алып жатқан өзгерістер де климат өзгерісімен тікелей байланысты, сондай-ақ, энергетика ресурстарын басқару, қазба байлықтарын игеру сияқты мәселелер де басты орында деген пікірлерін білдірді.
Сессияның екінші қонағы Болу Абант Иззет Байсал университетінің оқытушысы, доктор Илхан Сагсен климаттың өзгеруін халықаралық келіссөздер мен халықаралық күрес тұрғысынан баяндады. Өз баяндамасында 1990 жылы БҰҰ шешімімен басталған осы маңызды үдерістің институттандыру тұрғысынан маңыздылығын баса айтты. 1992 жылы БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы және Киото хаттамасы сынды маңызды келісім-шарттардың қоршаған орта және климат өзгеруіне қатысты әрекеттерді институттандыру және жүйелі келіссөз үдерісі тұрғысынан тиімді бастама болғанын атап өтті. Алайда осы үдерісте халықаралық келіссөздер мен ынтымақтастықтың айтарлықтай деңгейде жүріп жатпағанын атап өтуге болады. Жалпы алғанда, мемлекеттерге өздерінің негізгі ұстанымдарын, энергияны тұтыну түрлерін өзгерту және осыған қатысты қаржыландыруды бөлу шығындарға байланысты оңай емес сияқты. Дамыған елдердің Қытай сынды дамушы елдерге қатысты өз міндеттемелері бар. Алайда, АҚШ-тың да, ЕО елдерінің де қарым-қатынасын ескерер болсақ, сынға бей-жай қарамайтын шынайы емес көрініс екені айдан анық.
Тағы бір баяндамашы TESPAM Консультативтік кеңес мүшесі Рыфат Кылычай, COVID-19 індетінің қазіргі таңда климат өзгерісіне қатысты тақырыптарды шетке ысырып қойғанын тілге тиек етіп өз сөзін бастады. Баяндамада 1992 жылдан бергі климат өзгерісіне қатысты Париж келісімі, ЕО Жасыл келісімі келіссөздерінің маңыздылығына тоқталып, Түркияның да Париж келісімін зерттеп жатқанын атап өтті. Климаттың өзгеруі – елдердің экономикалық моделіне әсер етуде. Осы орайда Түркия да соңғы жылдары көміртегі шығындыларын және жаңартылатын энергия көздері бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды. Алдағы уақытта сауда тұрғысынан ЕО үшін 2022 жылы көміртек салығы механизмі күшіне енеді. Түркияның аймақтағы көршілес елдер арасында жаңартылатын энергия көздері тұрғысынан неғұрлым қолайлы ел екенін көруге болады.
Сессияның соңғы баяндамашысы «Қала-қоршаған орта-су» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Реййан Гүндогду экономика-саясат тұрғысынан тақырыпқа шолу жасады. Баяндамада қоршаған ортаның ластану мәселесі – капиталдың еркін қозғалысы және экономиканы қалпына келтіру үшін урбанизация үдерісінен кейін пайда болғаны жөнінде айтылды. 1970 жылдардан кейінгі үдеріс өндіруші және тұтынушы елдер арасындағы тәуелділікті күшейткендіктен экологиялық саясат күн тәртібіндегі ғаламдық мәселелердің біріне айналды. Сондай-ақ баяндамашы, әлемде жалпы су қорының 2% ғана екені, ауылшаруашылық үшін 70% су, өндіріс үшін 22% су тұтынылатыны туралы мәліметтермен бөлісті. Түркияға қатысты айтылатын болса, адам басына су қолдану мөлшері тұрғысынан Түркия әлемде 78 орында су тапшылығын көріп отырған елдердің бірі екені көрсетілді. Қорытындылай келе, суды тиімді қолдану – бағалау, ауылшаруашылық үшін қолдану әдістері, жаңбыр суын пайдалану және сусыз жұмыс істейтін салаларды арттыру сияқты механизмдерге байланысты екендігі аталып өтті.
Форумның «Климаттың өзгерісі туралы түснің және оның әлеуметтік аспектілері» атты 3-ші сессиясын TESPAM Экономикалық зерттеулері үйлестірушісі PhD Абдулла Алтун жүргізді. Сессияда Акдениз университетінің ғылыми қызметкері Мерве Сузан Ылык Билмен «Климаттың ғаламдық өзгеруінің әлеуметтік аспектілері», психолог Сабахаттин Эртунч «Климаттың өзгеруі адам психологиясына қалай әсер етеді?» және TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер «Климаттың өзгеруі және әлеуметтану» тақырыбында баяндама жасады.
Мерве Сузан Ылык Билмен өз баяндамасын климаттың өзгеруінің әлеуметтік динамикаларымен қатар, оның себептерін, нәтижелері мен шешімдерін әлеуметтік тұрғыдан талдайтындығын айтты. Ылык Билмен осы дағдарыстың қозғаушы күшін әлеуметтік нормалардың, нанымдардың және әлеуметтік мінез-құлықтардың тереңдігінен табуға болатындығын, сондай-ақ климаттың өзгеруі іс жүзінде әлеуметтік проблема болып табылатынын мәлімдеді. Ол әлеуметтік тұжырымдаманың мәжбүрлі көші-қон, әлеуметтік қақтығыстар мен әділетсіздік деңгейінің артуы сияқты климаттың өзгеруінің әлеуметтік салдарын түсінуде өте маңызды екенін айтты. Ылык Билмен климаттың өзгеруі мен әлеуметтанудың арасындағы байланысты гендерлік талдау, апаттарды басқару және халықтың денсаулығы сияқты үш негізгі тақырыпта қарастыруға болатындығын және климаттың өзгеруі де әр түрлі салалардағы теңсіздіктерді тереңдететін құбылыс екенін жеткізді. Климаттың өзгеруіне, оның әлжуаз адамдар үшін ауыртпалығына назар аудара отырып, климаттық әділет жергілікті және халықаралық деңгейде ауыртпалықтардың тең және әділетті бөлінуіне ықпал ету арқылы осал адамдардың құқықтарын қорғау болып табылады. Ылык Билменнің пікірінше, ХХІ ғасырдағы қоныстануды анықтайтын негізгі фактор-климаттың өзгеруі. Дамушы елдерде халық санының өсуінің басым болуы, климаттың өзгеруінен ең көп зардап шеккен аймақтардың болуы, ресурстарды бөлудегі теңгерімсіздіктермен бірге жаппай көші-қонға себеп болады. Қолданыстағы эмпирикалық зерттеулерді зерттегенде, климаттың өзгеруінің әсеріне байланысты көші-қон жолдары мен заңдылықтары көбіне ел аумағында жүзеге асуы және көбіне ауылдан қалаға бағытталуы сияқты ортақ нүктелерде кездесуі жалпылауға жарамайтын жағдайлар да анықтады. Ауылдан қалаға қоныс аудару себептерінің ішінде су тасқыны апаттарынан болған қирауларды айтуға болады. Табиғатқа үстемдік етуге тырысқан адамдардың нәтижесінде климаттың өзгеруі жаһандық қатерге айналды және әлем 100 жыл бұрын 1-2 градусқа көбірек қызды. Барлық осы себептерге байланысты жаңартылатын энергия көздеріне қатысты саясатты қабылдау өте маңызды.
Сарапшы, клиникалық психолог Себахаттин Эртунч өзінің баяндамасында климаттың өзгеруінің адам психологиясына әсері туралы айтты. Ғаламның бір бөлігі ретінде адамды ғаламнан бөлек деп санауға болмайды. Әлемдегі кейбір өзгерістер адаммен бірге өзгеруде және табиғат адамның рухани құрылымына да әсер етеді. Ковид-19 эпидемиясы адамдардың әлеуметтік өміріне, әдеттеріне, психикалық денсаулығына, мазасыздығына және дене құрылымына әсер етеді. Бұдан басқа, тіпті жыл мезгілдері туғаннан бастап адамның темпераментінің қалыптасуында маңызды орын алады. Осыған байланысты климаттың өзгеруі адамдарға да әсер ететіні анық. Бұл процесте дені сау адамдар сыртқы ортаға бейімделу арқылы биологиялық және рухани дамуын жалғастырады.
TESPAM төрағасы Огузхан Акйенер «Климаттың өзгеруі және әлеуметтану» атты баяндамасында климаттың өзгеруі қазіргі кезде жеке адамдарға микро деңгейде әсер ете бастағанын атап өтіп, халықтың өсуі мен табыс деңгейінің әлеуметтану және қалаулар сияқты факторлардың энергетикалық тенденцияларды анықтайтынын мәлімдеді. Демографиялық тепе-теңдікке қарағанымызда халықтың едәуір өсуі әсіресе аз дамыған қоғамдарда байқалады. Осы жағдайды ескере отырып, бір жағынан, табысы төмен халықтың көбеюі байқалса, екінші жағынан бұл қоғамдарда маңызды энергетикалық аштық да орын алады. Кіріс деңгейі өскен кезде тұтыну ұлғаяды және тиімді энергия үшін ресурстарды бөлу мүмкіндігі артады. Нәтижесінде көмірқышқыл газының шығарылуына сезімталдық та жоғарылайды. Энергия маңыздылығының артуы көліктерде және үйдегі электр құралдарында энергия тиімділігін одан да маңызды етеді. Алайда, мұнда парадоксалды жағдайдың болғанын ескеру қажет. Дамыған елдер энергия тиімділігі үшін қажетті ресурстарды анағұрлым оңай құра алса, Үндістан сияқты кейбір елдерде мұның бірқатар қиындықтары бар. Үндістан жаңартылатын энергия көздеріне арналған жобаларды жасаса да, қазіргі энергетикалық аштық таза және тиімді энергетикалық саясаттың алдында маңызды проблемалардың бар екенін көрсетеді. Энергетикалық саясаттың өзгеруіне және табиғи газды өндіру мен жеткізуге бәсекелестік күн өткен сайын артып келе жатқанымен, көмір маңызды қуат көзі ретінде жалғасатын сияқты.
Форумның «Климат және су қауіпсіздігі» атты 4-ші сессиясына Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгізхан Жаналтай модераторлық етті. Аталмыш сессияда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер, Вагенинген Университетінің доценты, доктор Жерун Уорнер, Башарсофт құрылтайшы-төрағасы және вице-президент Ахмет Дабанлы мен Түркияның Суды дамыту жөніндегі институттың үйлестірушісі PhD Туғба Еврим Маден өз баяндамаларын жасады.
Панельдің бірінші баяндамашысы доцент, доктор Вакур Сүмер өзінің баяндамасында Орталық Азия елдеріндегі су ресурстары мен жауын-шашын мөлшері, құрғақшылық деңгейі мен су тапшылығы туралы егжей-тегжейлі және өзекті ақпараттар берді. Баяндамасында Қазақстанның 68%-ында құрғақшылықтың бар екендігін, бірақ Қазақстанда әлі күнге дейін судың ауыр тапшылығы жоқ екендігін айтты. Сонымен қатар, суды тұтыну көбінесе ауылшаруашылық саласында, бұл Орта Азияда шамамен 80% құрайтынын және Қазақстанда астық пен бидай өндірісі мен Өзбекстанда мақта өндірісі тұтынуда жетекші екенін жеткізді. Еуропа елдерінде суды тұтынуда ауыл шаруашылығының үлесі 40%-ға жуық екендігі және мұндағы суды тиімді пайдалану маңызды үлеске ие екендігі туралы баяндады. Сонымен қатар, аймақтағы ең маңызды су ресурстары Тәжікстан мен Қырғызстандағы мұздықтардан келетіндігі және жаһандық жылыну салдарынан бұл аймақтарда ерудің орын алуы су ресурстарының жоғалуына, дамып келе жатқан экономика мен халық санының өсуі және осы елдердегі су тапшылығын күшейтетіні баса айтылды.
Ахмет Дабанлы суды басқару және далалық тәжірибеге негізделген баяндамасында суды әр түрлі масштабта пайдалану кезінде жіберілген қателіктер мен тиімсіз тәжірибелерге тоқталды. Жалпы Түркия туралы берілген техникалық ақпарат арасында жыл сайын 3 миллиард текше метр судың ысырап болғандығы және оған қарсы ешқандай сақтық шарасы немесе күрес жүргізілмейтінін айтты. Баяндамада күнделікті кәдімгі кофеханада 1000 адамға шай дайындалатынын бірақ оның жартысының сатылып қалғанының төгілетініне назар аудара отырып, суды тиімсіз пайдалануға қатысты көптеген мысалдарды келтіруге болатынын мәлімдеді. Осы және осыған ұқсас шығындарға инфрақұрылымға байланысты шығындар қосылып, тиімді пайдаланылмайтын су қорлары болашақта үлкен проблемалар тудыруы мүмкін. Баяндама суды басқару тиімділігін арттыруға бағытталған картографиялық зерттеулер мысалдарымен аяқталды.
Доцент, доктор Жерун Уорнер өз баяндамасында су ресурстарын басқарудың әртүрлі көзқарастар мен үкіметтердің ұлттық деңгейдегі мәселеге деген көзқарасы мен жергілікті тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдардың көзқарастары арасындағы айырмашылықтарға тоқталды. Шешуді қажет ететін мәселердің болғанын білдіре отырып, мұны шешуде бөгет салу – бұл жалпылама және елдер негізінде алғанда ең танымал әдіс екендігін айтты. Алайда, бөгеттердің құрылыстары әр аймаққа сәйкес келмейтіндігін, қазіргі қолданыстағы бөгеттердің үлкен аумақты қамтитындығын, жоғары технологиялар мен жұмыс күшін қажет ететіндігін және осы технологияларда жоғарыдан төменге қарай қоршаған ортаға зиян келтіру мен зақымданулардың әдетте ескерілмейтінін мәлімдеді. Алайда, бассейнді және өзенді бақылау немесе табиғи қоршау сияқты кейбір аймақтар жергілікті жағдайлармен және қоршаған ортамен үйлесімді, ресурстардың үлкен мөлшері мен технологияны қажет етпейтін құрылымдар арқылы су басқару мәселелерін шеше алады. Үкіметтер мұндай жобаларға ешқандай нұқсансыз қарауы керек.
Туғба Еврим Маден өз баяндамасында климаттың өзгеруінің гидрологиялық құрылымға әсерін талқылады. Маденнің айтуынша, жауын-шашыннан пайда болатын судың жинақталу циклі күнмен бірге буға айналғаннан кейін қайтадан бұлтқа айналады, содан кейін қайтадан жауын-шашынға айналып, жаһандық жылынуға әсер ету арқылы кейбір өзгерістер тудыруы мүмкін. Екінші жағынан, суды пайдалану мен басқаруда кездесетін маңызды проблемалардың бірі, ұңғымалардан суды төлемсіз тұтыну да су ресурстарын азайтудың маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының экономикаға қосқан үлесі мен оның тиімсіз пайдаланылуына байланысты дамып келе жатқан экономикаларда аграрлық секторда суды пайдалануға жұмсалатын қаражат мөлшері жоғары деп айтуға болады және мұны суды тиімді пайдалану әдістерін қолдану арқылы азайтуға болады. мысалы, Еуропа елдерімен салыстырғанда. Сонымен қатар, аграрлық секторда суды пайдаланудағы шығындар дамушы елдердің экономикалары арасында ауыл шаруашылығының экономикаға қосқан үлесі мен оны тиімсіз пайдалануына байланысты жоғары болғандығы, мұны Еуропа елдерімен салыстырғанда, суды пайдаланудың тиімді әдістерін алу арқылы азайтуға болатындығын айтуға болады. Осы тұста Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде суды пайдаланудағы ауыл шаруашылығының үлесі 40% шамасында екенін ескеру қажет.
TESPAM төрағасының орынбасары, профессор, доктор Левент Кенардың жүргізуімен өткен «Климаттың өзгеруі, мұздықтар, пандемия және жаңа биологиялық тәуекелдер» атты бесінші сессияда Денсаулық ғылымдары университетінің оқытушысы, доктор Бенгу Мутлу Сарычичек және TESPAM Қоршаған орта және жобалар үйлестірушісі Фатих Темиз баяндама жасады.
Доктор Бенгу Мутлу Сарычичек «Әлемді күткен жаңа биологиялық тәуекелдер» деп аталатын баяндамасында, технология мен мүмкіндіктердің артуына байланысты химиялық биологиялық радиация және ядролық заттар (CBRN) күн санап артып келе жатқанын және мұның денсаулыққа, климатқа және экологиялық мәселелерге тікелей байланысты екенін баса айтты. COVID-19 эпидемиясы бүкіл әлемде экономика, саясат және денсаулық сақтау жүйелерінде үлкен дағдарыстар тудырды. Бұл эпидемияны қоздыратын вирус биологиялық соғыс агенті болу-болмауы болашақта неғұрлым айқынырақ байқалатын болады. COVID-19 эпидемиясы келтірген зиянды ескере отырып, елдер үшін биологиялық шайқас алаңына қарсы қажетті сақтық шараларын қабылдау артық болмайды.
Екінші баяндамашы болған TESPAM Қоршаған орта және жобалар үйлестірушісі Фатих Темиз, өз баяндамасында климаттың өзгеруіне, мұздықтарға, пандемияға және жаңа биологиялық қауіптерге тоқталды. Баяндамасында Солтүстік Мұзды мұхиттың маңыздылығын атап өткен Фатих Темиз, аймақтағы Ресей, Қытай және АҚШ сияқты елдердің бәсекелестігі туралы әңгімеледі РБаяндама барысында көші-қон мәселесіне тоқталғані-қон мәселе, түрлі аурулар мен хаостың салдарынан жаппай көші-қон, босқындар мәселесі секілді жаңа проблемалық аймақтарды тудыратындығы туралы атап өтті.
TESPAM Бас хатшысы Нешат Гүндоғдының модераторлығымен өткен «Климат өзгерісі: топырақ, азық-түлік, ауа және орман қауіпсіздігі» атты 6-секцияда Түркия Орман шаруашылығы мекемесінің бас директоры Бекир Каражабей, Түркия Метрология мекемесінің бас директорының орынбасары Ерол Айдын, Түркия Тұқым қауымдастығы төрағасының орынбасары, доктор Вехби Есер, климаттағы өзгерістер, топырақ, азық-түлік, ауа және орман қауіпсіздігі тақырыбы бойынша жан-жақты пікірлерімен, мәнді мағлұматтарымен бөлісті.
Түркия Орман шаруашылығы мекемесінің бас директоры Бекир Каражабей адамзат дүп келген климат өзгерісін адамдардың күш-жігері арқылы оғалтуда болатынын, осы тұрғыда орманның алар маңызының зор екеніне тоқталды. Жер жаһандағы орманның үлесі 30% болса, кейбір мемлекеттер орман алқаптарын ұлғайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп, өнеркәсіп салдарынан атмосферада шамадан тыс артқан көмір қышқыл газын азайтуға ерекше көңіл бөліп отырғанын жеткізді.мОсы мақсатта, Түркияның Орман шаруашылығын климат өзгерістеріне сәйкестендірудің стратегиялық жоспары бекітіліп, Түркиядағы ормандардың қорғалуымен алқаптарының ұлғайтылуының арқасында көміртегі газының жылдық сімірілуі 1990 жылдағы 50 миллион тоннадан 2018 жылы 84 миллион тоннаға артқанын атап өтті. Түркияның орман алқаптарының көлемі ширек ғасыр бұрын 29.4%-ды құраса, соңғы 20 жылда тағы да 2.1 миллион гектарға ұлғайтылып, жалпы 22.9 миллион гектарға жеткенін мәлімдеді. Салыстырмалытүрде айтқанда, 2015 жылы Түркия орман көлемі бойынша әлемде 46 орында болса, 2020 жылы 27 орынға көтеріліп, орман көлемін арттыруда Еуропада 1-ші, ал әлемде 6-шы орынға шыққандығын хабарлады. Бұл тұрғыда Түркияның «Топрыақтың азуының алдын-алу жоспары», «Ұлттық ағаштандыру жоспары», «Болашаққа тыныс» секілді жобаларынан да ақпарат беріді. Климаттағы өзгерістерден туындаған әлемдік жылыну үдерісі орман өртіне себеп болып отырғанын және осы бағытта Түркияның орман өртіне қарсы әрекетін басқа елдер де тәжірибелерінде қолданып жүргенін атап көрсетті.
Түркия Метрология мекемесінің бас директорының орынбасары Ерол Айдын климат пен ауа-райының өзгеруі өсімдік жамылғысына және хайуанаттар әлеміне де кері әсер етіп отырғандығын айта келе, бүгінде жиі сөз болатын жаһандық жылынудың өмірімізге нақты ықпалын тигізіп отырғандығы туралы ойлантарлық ақпараттарымен бөлісті. Баяндамасында 2020 жылдың қазірге дейінгі рекордтық дәрежедегі ең ыстық жыл болғанын, өнеркәсіптік төңкерістен бері жалғасып келе жатқан адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасының мұздықтар мен теңіз деңгейлерінде айтарлықтай өзгерістер тудырғандығын атап өтті. Түркияның жылдық орташа жауын-шашын мөлшерінің 500 мм болып, бұл көрсеткіш 1981 жылмен салыстырғанда 13%-ға азайғанын және 2020 жылы климаттық өзгеру сипатындағы 984 рет төтенше ауа-райы құбылысының байқалуы жоғарыда айтылғандардың анық әсері екенін тілге тиек етті. Түркияны айнала қоршаған теңіздерде де 0,8 дәрежеде жылыну байқалғанын, жеті аймақ бойынша мұндай өзгерістердің Жерорта теңізінде анық көрінгенін баяндады. Осы үдерістердің алдын-алуда баламалы энергетикаға инвестиция тартуды экологиялық саясатпен үйлестіре отырып жүргізудің маңыздылығы атап көрсетті. Бұл мәселе бойынша ел ішінде және шетелде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің қатысулармен көптеген жұмыстар жүзеге асқанын баяндады. Осы орайда ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсу үшін Түркі әлемі метеорология одағын құрылуының маңыздылығы ортаға қойды.
Секцияның соңғы баяндамасын жасаған, Түркия тұқым өсірушілер қауымдастығы төрағасының орынбасары, доктор Вехби Эсер климат пен энергетика туралы сөз болғанда ауылшаруашылық мәселелерін бұл салалардан бөліп қарастыру мүмкін еместігін, әсіресе адамдардың күнделік қажеттілігін сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде климат пен энергетиканың маңызды әсері барын атап өтті. Топырақ, су және өсімдік салаларымен қатар, адами ресурстардың ішінде ең маңыздысы топырақ пен судың өзгеруі екенін тілге тиек етті. Азық-түлік қауіпсіздігінің ең маңызды факторы болған астық өндірісінде топырақтың азуы, өнімділіктің төмендеуі және өсімдік түрлерінің жойылуының алдын алу мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Ауылшаруашылық жерлерінің азаюымен қатар, әлемдегі халық санының артуы мен олардың қажеттіліктері арасында тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан болашақта үлкен мәселе болуы мүмкін өнім жетіспеушілігінің алдын-алуды қазірден қарастырған жөн екенін айтты. Ол үшін бірінші кезекте, мәселелерді ашық айтылып ортаға қоюды ұсынды. Түркияда осы жұмыстарды Ауылшаруашылығы және орман министрлігі жүзеге асырып отырған баяндады. Бұл мәселе бойынша, қолдағы бар тұқымдарды жетілдіру мен асылдандыру бойынша қолға алынған жұмыстарды күшейту басты назарда екенін жеткізді. Түркияда құрғақшылыққа қарсы және жеке кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі жолдары қарастырылып, қолданысқа енгізілгенін айта келе, мұндай әркеттер ықтимал құрғақшылық жағдайында бірлесіп қимылдау тұрғысынан да бірбүтін ортақ стратегияға айналуы керектігін айтты. Осы тұста, тың жерлерді де ретімен тиімді пайдаланудың жолын қарастыру да маңызды нкеніне тоқталып, мұндай өзекті жұмыстар Орталық Азиядағы тарихи және мәдени тегі бір, дос-туысқан және көршілес елдермен бірге жасалуы тіпті де маңызды бола түсетінін жеткізді.
Институтымыздың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және Youtube каналдарымыздан тікелей эфирде көрсетіліп, қатысушылардан бөлек көрермендер тарапынан да зор қызығушылыққа ие болған Климат және энергетика форумының жыл сайын тұрақты түрде өткізілуі жоспарланып отыр.