Т.ғ.д., профессор Кенжахмет семинарында 1402 жылғы Каңнидо картасы 1900-шы жылдары Жапонияда табылғанын және алғаш рет Жапонияның Моңғолия туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдары тарапынан зерттелгенін айтты. Кореяның мемлекеттік қайраткерлері Ким Са-хен, И Му, И Хо және Конфуций ілімін ұстанған корей зерттеушісі Гвон Гын тарапынан сызылған әлемге әйгілі карта ұзақ жылдар бойы тарихшылардың назарын аударып, бірнеше рет зерттелген еді. Т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжехмет картаның батыс бөлігі Исламның таралу аймағын көрсететінін, дәлірек айтқанда, 1154 жылы арабтар тарапынан сызылғанын және кейінірек неміс ғалымы Конрад зерттеу жүргізген Идриси картасынан көшірілгенін тілге тиек етті. Нұрлан Кенжехмет Каңнидо картасы осы күнге дейін қате оқылып, толық зерттелмегенін атап өтті, сондай-ақ, ескі Ислам карталарын түсіну үшін Құранды және жалпы Исламды түсіну керектігін айтты. 2011 жылы Мәскеуде осы тақырып бойынша орыс тілінде мақала жариялағанын, алайда қазіргі таңда бұл тақырыпқа қатысты жаңа идеялар мен көзқарастар туындағандықтан, зерттеу жұмыстары одан әрі жандандырылып жатқанын жеткізді.
Семинардың жалғасында көрсетілген карталар мен сол карталардағы топонимдердің жазылуы және олардың уақыт өте келе өзгеру мәселесі семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Картаға сәйкес, Еуропа, Анадолы, бүгінгі Иран және Ирак аумақтары, Парсы шығанағы, Кавказ, Каспий теңізі аймағы және Орталық Азия қалаларының қазіргі атаулары картаға түсірілген кезеңдегі атаулармен бірдей.
Т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжахмет, сондай-ақ, Каңнидо картасы мен сол кезеңде сызылған басқа да карталарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқталып өтті.
Семинар соңында Институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Қытай өркениеті мен Батыс өркениетін салыстырып, тақырып жөнінде өз пікірімен бөлісті. Семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырған тақырып тарихи құжаттардың бүгінгі күнге дейін қалай жеткендігі төңірегінде өрбіп, дұрыс ақпаратқа қол жеткізудің маңыздылығы туралы талқылауларға ұласты. Доцент, доктор Вакур Сүмер т.ғ.д., профессор Нұрлан Кенжахмет мырзаға жан-жақты ақпарат бергені үшін алғыс білдіріп, сертификат табыстады.