Publication Authors

Абулхаирхан Жүнісбек

Junior Research fellow

Абулхаирхан Жүнісбек Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалаврдәрежесін 2012 жылы ҚазХҚжәнеӘТУ университетінен алды. 2016 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Оксфорд университетінде «Қазақстан мұнайының саяси эконмиясы» тақырыбына арналған ғылыми жұмысын жоғары бағамен аяқтап магистр дәрежесіне ие болды. Бұдан бұрын ол мемлекеттік және халықаралық мекемелерде жұмыс атқарды.

Айнур Ахметова

Junior Research fellow

Айнур Ахметова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі. «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавриат (2006-2010 жж.), магистратура (2011-2013 жж.) және докторантурада (2016-2019 жж.) білім алған. 2020 жылы «ХХІ ғасырдағы (2000-2015 жж.) қазақ романындағы «Мәңгілік ел» концепті» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.

Жулдыз Қанапиянова

Junior Research fellow

Қанапиянова Жулдыз Бақытқызы, 1986 жылы 26 желтоқсанда ШҚО-да туылған. 2004 жылы орта мектептi қызыл аттестатпен бiтiрген соң, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетiнiң халықаралық қатынастар факультетiне түседi. 2008 жылы халықаралық қатынастар бакалавр дәрежесiн күндiзгi бөлiмде шет тiлдердi меңгере отырып үздiк тамамдайды.

Женгизхан Жаналтай

Deputy Director

Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.

Жандос Ранов

Senior Research fellow

Философия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.

Вакур Сүмер

Director

Доцент, доктор Вакур Сүмер Түркияның Анкара қаласында орналасқан Таяу Шығыс Техникалық Университеті Халықаралық қатынастар факультетінен PhD ғылыми дәрежесін алды. Конья қаласындағы Сельджук университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде оқытушы болып қызмет атқарды. Доктор Сүмер АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Чапел-Хилл Солтүстік Каролина Университетінде пост-докторантура бағдарламасын тәмамдады. Сондай-ақ, Калифорния-Дэвис Университетінде ұсыныс етілген ғалым ретінде жұмыс атқарады.

Суат Бейлур

Director

Суат Бейлур Анкарадағы Йылдырым Беязыт университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін және Хаджеттепе университетінде халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесін алды. Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгенге дейін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінде (YTB) сарапшы, директор, бөлім басшысы және кеңесші болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми қызығушылық салалары: Орталық Азия мен Балқандағы әлеуметтік өзгерістер, дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, диаспора

Сәуле Ахметқалиева

Senior Research fellow

Қазіргі таңда Сәуле Ахметқалиева Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті жанындағы Еуразиялық Ғылыми-Зерттеу Институтының ізденушілер қатарында қызмет істейді. Ол Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінен мұнай және газ ісі бойынша бакалавр дәрежесін және Корпус Кристи қаласындағы Техастық А&М Университетінен (АҚШ) қоршаған орта ғылымы бойынша магистр дәрежесін алған (GPA 4.0).

Невзат Шимшек

Deputy Director

Невзат Шимшек 1994 жылы Анкара университеті, саясаттану факультетінің мемлекеттік басқару бөлімінде оқуын тамамдады. 1998 жылы «Бағалардың циклдық қылығын зерттеу: Түркияның үлгісі (1963-1995)» атты магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, Докуз Эйлюл университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында экономика мамандығы бойынша оқуын сәтті тамамдайды. 2005 жылы «Түркия өнеркәсіп салаларының өзара саудасын саралау» атты PhD диссертацияны Докуз Эйлюл университеті, әлеуметтік ғылымдар институты, экономика бөлімінің қабырғасында қорғап шығады.

Амирбек Айдарбек Ануарбекулы

Deputy Director

Философия ғылымдарының докторы (PhD) Амирбек Айдарбек Ануарбекулы "Сельчук" университеті, "Экономика және басқару ғылымдары" факультетінің "Халықаралық қатынастар" бөлімін бітірді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Қазіргі таңда Қазақстан және Түркияның өзара қарым-қатынастарының негізгі басымдықтары" атты магистрлік диссертациясын қорғап, "Саясаттану магистрі" академиялық дәрежесін алды.

Мейрамгул Исаева

Junior Research fellow

Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы 1977 жылы, 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1998 жылы «Ұлықбек» атындағы орта мектепті «алтын медальмен» бітірген. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің заң факультетінің құқықықтанушы мамандығын алып шыққан.

Қанат Маханов

Senior Research fellow

Қанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.

Әбен Дәурен Әбенұлы

Senior Research fellow

Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Фарход Аминжонов

Senior Research fellow

Фарход Аминжонов қазіргі таңда Еуразиялық зерттеу институтының ізденушісі болып табылады. Сонымен қатар, ол Жаһандық басқару мамандығы бойынша (Жаһандық басқарудағы инновациялық орталығы (CIGI), Уилфрид Лорье мен Ватерлоо университеттерінің бірлескен жобасы) Балзили халықаралық істер мектебінде, Ватерлоо, Канадада PhD бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.

Гүлнар Надирова

Senior Research fellow

Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.

Хайал Айча Шимшек

Visiting Research fellow

1995 жылы Хайал Айча Шимшек ханым Докуз Эйлюл университетінің экономика және басқару факультетінің мемлекеттік қаржы бөлімінде оқуын тамамдап, 1996 жылы мемлекеттік қаржы бөлімінде ғылыми асситент ретінде қызмет ете бастайды. 1995 - 1997 жылдар аралығында магистрлік оқуын оқып, «Үкіметті шектеулер қоюшы баламалы қазыналық саясаттар» атты диссертацияны қорғап тамамдайды.

Лидия Пархомчик

Senior Research fellow

Лидия Пархомчик Андрейқызы (әкесінің тегі Тимофеенко) 1984 жылы 9 ақпанда Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясы) Зеленодольск қаласында дүниеге келеді. 1986 жылы қоныс аударғалы бері Қазақстан Республикасында тұрып жатыр.

Өмірбек Қанай

Senior Research fellow

Өмірбек Қанай қазіргі кезде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып жұмыс атқаруда. Ол 2010 жылы ҚХР Орталық ұлттар университетінің Қазақ тіл-адебиеті факультетіне түсіп, 2009 жылы аяқтады. 2008-2009 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде білім асырды. 2010-2013 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде түркология мамандығы бойынша докторантура оқыды. Аталған бөлімде 2010-2012 жж.

Асет Ордабаев

Junior Research fellow

Әсет Ордабаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқаруда. 2012 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінде халықаралық қатынастар бойынша бакалавриатты тәмамдады. 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды.

Данияр Нурбаев

Junior Research fellow

Данияр Нурбаев Еуразия Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Данияр, 2013 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетін бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды. Осыған қоса, 2015 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. 2014 жылы Ұлыбританиядағы University Campus Suffolk жоғарғы оқу орнында ғылыми жазғы курстарына қатысты.

Динара Талдыбаева

Junior Research fellow

1983 ж. ОҚО, Түркістан қаласында туылған. Бастауыш және орта мектепті Абай атындағы №31 орта мектепті 2000 жылы тәмамдап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика факультеті «Халықаралық қатынастар» мамандығына оқуға қабылданды. 2004 жылы аталмыш бөлімді аяқтап, «Халықаралық қатынастар саласы маманы» деген біліктілік алды.

Еркінбек Тұрғынов

Junior Research fellow

Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.