2020 жылдың 1 наурызында Еуропалық Одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім (КСЫК) күшіне енді. Осылайша, КСЫК ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынастардың нігізін қалаушы құжатқа айналды. Аталмыш құжаттың күшіне енуі нәтижесінде Қазақстан ЕО-мен серіктестіктің жоғары деңгейіне жеткен Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз мемлекет болды.

