Тарих – адам баласының саяси, экономикалық, экологиялық, т.б. себептерге байланысты тұрақты іс-әрекеттерінің айғағы. Аталмыш іс-әрекеттер тарихи үрдісте жеке немесе ұжымдық түрде әртүрлі деңгейде орын алды. Тарихтағы алғашқы жаппай көшу ретінде белгілі болған б.з.б. IV ғасырдағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде басталып, үздіксіз жалғасып келе жатқан көші-қон бүкіл жер шарына дерлік әсер етті. Әсіресе, XIX ғасырда айқын із қалдырған ұлтшылдық қозғалыстар мен одан кейінгі соғыстар және жаңа оқиғалар бұл үрдісті жеделдете түсті.

