Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Жаңа жылдың табалдырығын аттап, жаңа журналдың алғашқы санын Сіздерге ұсынып отырмыз. Журналдың шығарушысы – Алматыда орын тепкен Еуразия ғылыми-зерттеу институты. Бұл институт Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің жанынан 2014 жылғы 1-тамыз күні құрылған. Мақсатымыз – Еуразия аймағында, әсіресе, осы аймақта тұрып жатқан түркі тілдес мемлекеттерге байланысты экономика, қаржы, энергия, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік сияқты т.б. салаларда пәнаралық арнайы ғылыми зерттеулер жүргізу, сонымен қатар аталмыш салаларға байланысты жобаларды жоспарлау және қолдау көрсету.
PDF