Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Назарларыңызға «Азия Еуропа» журналының 2016 жылдың қараша айындағы санын ұсынып отырмыз. Журналдың бұл санында Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының Саясаттану және саяси философия кафедрасының меңгерушісі Сергей Жильцовпен сұхбат жүргіздік. Каспий аймағындағы мәселелерге қатысты сараптамалық пікірлерін білгіміз келді. Осыған орай бізге сұхбат бергені үшін Сергей Жильцовқа алғысымызды білдіреміз.