Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналының 2016 жылдың желтоқсан санына да келіп жеттік және бір жылымызды аяқтадық. Бір жыл ішінде мол тәжірибе жинақтап, кері байланыс алдық және, 2017 жылы да сіздермен бірге боламыз деген ниеттеміз. Бұл жолы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай журналымыздың арнайы санын жариялауды жөн санадық. Сондықтан, түркі әлемінің ақсақалы Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттарының» бірнеше бөлігін «Егемен Қазақстан» газетінің рұқсатымен қазақ және түрік тілдерінде жариялауға бел будық.