Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналының 2017 жылдың ақпан айындағы санына да келіп жеттік. Журналымыздың бұл санында Халықаралық Түркі академиясының президенті т.ғ.д., профессор Дархан Қыдырәліден алған сұхбатпен бөлісуді жөн көрдік. Түркі тілдес елдерге қатысты ғылыми зерттеулер жасау, жасалған зерттеулерді үйлестіру, жобаларды жоспарлау және қолдау бойынша іс-шаралар жасау мақсатында құрылған Халықаралық Түркі академиясы әсіресе 2014 жылы халықаралық мәртебеге ие болғаннан бастап маңызды іс-шараларды атқарып келеді. Институт ретінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған семинар-практикум, Орталық Азия тарихнамасы халықаралық семинар практикумы және Еуразия жазғы мектебі сияқты іс-шараларды бірге ұйымдастырған түркі тілдес елдердің алдыңғы қатарлы ұйымының ең құзыретті тұлғасын оқырмандармен таныстырғымыз келеді. Халықаралық Түркі академиясының ең қысқа мерзім ішінде Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркияның әкімшілік, қаржылық және академиялық тұрғыда белсенді қолдауы мен қатысуы арқылы неғұрлым кешенді құрылымға айналатынына және өте маңызды жобаларды іске асыратынына сеніміміз мол.