Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Доцент, доктор Невзат Шимшектің басқару мерзімі табысты аяқталғаннан кейін жуырда Қожа Ахмет Ясауи университеті жанындағы Еуразия ғылыми-зерттеу институтын басқару жауапкершілігін алдым. Невзат Шимшек мырзаға өз міндетін атқару барысында Институт қызметіне қосқан зор үлесі үшін шексіз алғысымды білдіремін. Оның басқару мерзімінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты әлемдік деңгейде танылған ғылыми-зерттеу ұйымына айналды. Эстафета сипатындағы бұл үдерісті әрі институтымыз бен Қожа Ахмет Ясауи университеті тұрғысынан, әрі қазақ-түрік халықтарының достығы тұрғысынан одан әрі дамыта түсеміз деген ойдамыз.