Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
«Азия Еуропа» журналымыздың төртінші саны назарларыңызға ұсынылып отыр. Еуразия аймағы бүкіл дүниежүзі елдерінің назарын аудартып отырғаны бәрімізге белгілі. Басылымымызға деген артқан қызығушылық бізді қуантып отыр. Еуразия
аймағына қатысты жаңалықтарға сараптама жүргізген басылым ретінде «Азия Еуропа» журналымызды осылайша жариялай береміз деген ниеттеміз. Журналдың осы санында тағы да әртүрлі тақырыпта 30-дан астам ақпараттық сараптама жасап, оқырмандарымыздың назарына Еуразия аймағына қатысты ақпаратты ұсынуға бар күшімізді салдық.